Формирование положительного имиджа государственных служащих

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік ұйымдар басшыларының, ел азаматтарының жауапты міндеті.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің сыбайлАс жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы негізгі қызметі - білім беру ұйымдарының оқушылары, студенттерге, білім беретін ұстаздарға қоғамдағы адал еңбек, заң үстемдігі мен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті насихаттау, облыс педагогтерінің құқықтық сауаттылығын арттыру болып келеді.
Осы мақсатта білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып көптеген іс шаралар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізуде.
2017, 2018 жылдары бағынысты білім беру ұйымдарында жалпы 40-тан астам шара ұйымдастырылып, барлығы 624 педагог қамтылды. Оның ішінде:
- 2017 жылдың мамыр айында №10 орта мектеп базасында және Ақтөбе қаласының әкімдігінде білім бөліміне қарасты барлық мекеме басшыларына «Ұлттық бюроның сыбайлас жемқорлық фактілері» бойынша фильм көрсету арқылы форум өткізілді.
- 2017 жылдың 13 маусымында облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің №15 хаттамасының 5.2-тармағын орындау мақсатында білім беру саласында жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша аудандарды қамтыған отырыстар өткізілді.
(Алға ауданында 16 маусымда, Әйтекек би ауданында 20 маусымда, Ырғыз ауданында 29 маусымда, Темір ауданында 5-6 маусымда, Мұғалжар ауданында 16 маусымда, Шалқар ауданында 10 шілдеде)
- 2017 жылдың 5 шілдесінде білім басқармасының ұйымдастыруымен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басшыларына Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі базасында аталған мәселелер бойынша жиналыс өткізілді.
- 2016-2017 оқу жылында бекітілген кестеге сәйкес Ақтөбе политехникалық колледжінде 1-2 курс, барлығы 744 оқушыларын қамтыған Зауыт полиция бөлімінің аға лейтенанты М.Алданазаров, полиция полковнигі Н.Бекмуратов, колледж заңгері Е.Сарсенов, «Беркут» патриоттық клубы» ҚБ негізін қалаушы С.Сагиев, қауіпсіздік қызметінің басшысы Р.Құдайбергенов, колледж директорының орынбасары, Еңбек қайраткері С.Қайдосов «Жемқорлықпен күрес» және жалпы жастар тәртібі жайында дәрістер оқыды.
- 2017 жылдың басынан бастап Ойыл аграрлық колледжінде студенттер арасында «Жемқорлықсыз қоғамды қалай бастаймыз?» дебаттық турнирі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тәрбие сағаттары, «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу. Жастар көзімен» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
- Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, талдау жұмыстары жасалынды.
- Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде «Жемқорлықсыз сессия» атты қабырға газеттері шығарылып, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті», «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты шығарма байқауларында колледж студенттері жүлделі орындарға ие болды.
- А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің студенттері жемқорлыққа жататын фактілер, оған апаратын, мәжбүрлейтін іс-қимылдар туралы оның жауапкершілігі туралы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбымен қойылым ұйымдастырды.
- Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Адал Ұрпақ» ерікті клубы құрылып, дебаттық турнир, диспуттар, әлеуметтік сауалнамалар, байқаулар ұйымдастырылды. 1-2 курс студенттері арасында «Жастар жемқорлыққа қарсы!» атты сурет байқауы өткізілді.
- Ембі қызмет көрсету саласы колледжінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында колледж студенттері мен оқытушыларына Мұғалжар аудандық №2 сотының судьясы баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде мектеп мұғалімдеріне арнап дефектологтар Г.Жанжигитова, Э.Қоблаш «Біз және қоғам» атты ток шоу ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың белгілерін анықтау, қазіргі қоғам дерті жемқорлықтан қызметкерлердің бойларын аулақ ұстау. Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне тарих пәні мұғалімдері Г.Шотанова, Т.Аребаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының баптарымен таныстырып өтті. Сәуір айында тәлімгер Мажикова К 8-10 класс аралығында және колледж студенттеріне «Жемқорлық» -менің көзіммен айдарымен сурет байқауын ұйымдастырды, бұл сайыс жеңімпаздары облыс көлемінде өтіп отырған «Біз жастар, жемқорлыққа қарсымыз!» байқауына қатыстырылды.
2017-2018 оқу жылының қыркүйек айының 20-сында мектеп қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлық белгілері» атты ақпараттандыру шараларын мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Л.Бұхатаев, Г.Идирисова сыбайлас жемқорлыққа жетелейтін жолдар туралы бейнебаян көрсетіп, ескертпе жадынама таратты. Қазан айында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеттің дефектология факультетінің студенттерімен колледж студенттерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты қойылым кешін өткізді.
2017 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен келісілген жалпы және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы» бекітілді.
Бұл бағдарлама негізінде мектептер мен колледждерде «Адал Ұрпақ» ерікті клубтар құрылды. Клубтардың негізгі міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, арнайы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Сондай-ақ, бағдарламаның негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспары бекітіліп, жаңа оқу жылында көптеген іс-шаралардың ұйымдастырылуы күтілуде.
БАҚ-да (бұқаралық ақпарат құралдарында) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта тұрақты түрде мақалалар бағынысты білім беу ұйымдарымен «Ақтөбе ұстазы», «Ақтөбе» газеттерінде жарияланып отырады. Мақалалар:
1) Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің оқытушысы А.Тұрғамбаева «Жемқорлыққа қарсы күрес», «Ақтөбе ұстазы» газеті;
2) Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің оқытушысының Бондаренко Н.Ю. «Антикоррупционное воспитание в образовании» мақаласы
3) Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушысының «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту мәселесі бойынша мақаласы, «Ақтөбе ұстазы» газеті және т.б.
Бағынысты білім беру ұйымдарында «Сенім телефоны» мен «Сенім жәшіктері», «Парасатты азамат» ақпараттық бұрыштары жұмыс жасайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында және аталған екі мекеменің жалпы білім беретін мектеп оқушылары, техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары және педагогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы 2017-2018 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылдың 20-қазанында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатттың негізінде жалпы білім беретін және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында «Жемқорлықсыз өмір» атты облыстық үздік бейне роликтер байқауы өткізілді.
Мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, оқушылардың құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату және оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін, қоғамдағы жауапкершілігін арттыру мақсатындағы байқауға қатысу үшін облыс бойынша 50 жұмыс ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына 16 жеңімпаз ие болып, 8 оқушы мақтау қағазымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
2017 жылғы 3 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мамандандырылған білім ұйымдарының педагогтері үшін облыстық "Жемқорлықсыз коғамға жол бастаймыз!" тақырыбында үздік эссе байқауы өтті. Байқауға барлығы 23 педагог қатысып, 9-ы жүлдегер атанды.
Ақтөбе-Дарын өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы 2017 жылғы 20 сәуірде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында шығарма байқауын өткізді.
Шығарма байқауы 2 тілде (қазақ, орыс тілдерінде) өтті.
Облыстық «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбындағы шығарма байқауына 16 жұмыс ұсынылды. 7 оқушы жүлделі орынмен, 4 оқушы мақтау қағазымен марапатталды.
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының 2017 жылғы 11 мамырдағы №133 бұйрығы негізінде а.ж. 19 мамырында 9-10 класс оқушылары арасында онлайн режимінде «Жемқорлықсыз болашақ» атты облыстық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
Аталған шараға аудан, қала мектептерінен және облыстық білім ұйымдарынан барлығы - 201 оқушығы сұраныс берілді. Қатысқандар саны - 180 оқушы. Оның ішінде әр ауданнан - 10, қала мектептерінен - 33 және облыстық білім ұйымдарынан - 30 оқушы қатысып, 83 оқушы жүлдегер атанды.
Олимпиадаға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мұғалімдері және облысымыздың тәжірибелі мұғалімдері қазылық етті.
Қазақстан Республикасы Конституциясы мен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың жүгіністерін қарау тәртібі туралы» Заңдарына және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің орындалуына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру барысындағы бірлескен жұмыстар күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.
Сыбайлас - жемқорлық біздің қоғамдағы көкейтесті және еліміздің экономикасының дамуына қатер төндіретін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Елімізде сыбайлас - жемқорлықтың алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірі 2018 жылғы 23 сәуірде Ақтөбе облысының білім басқармасы, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен "Жемқорлықсыз болашақ" атты облыстық қашықтық олимпиадасы.
Олимпиада 9-11 класс оқушыларына "Адам. Қоғам. Құқық", "Дүниежүзі тарихы" және "Қазақстан Тарихы" пәндерінен өтті.
Шараның мақсаты- дарынды оқушыларды қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында қолдау, сондай-ақ оқушылардың сыбайлас жемқорлықтың әр түрлі нысандары туралы көзқарасын, жемқорлыққа байланысты жағдаяттар туралы кешенді білімі мен құқықтық және моральдық - этикалық талапқа сай өзін ұстауын қалыптастыру. Олимпиадаға барлығы - 206 оқушы қатысып, 80 - і жүлдегер атанды (қала мектептерінен - 40, М.Құсайынов атындағы АОДБАММИ - 5, Қарғалы - 2, Қобда - 2, Мәртөк - 6, Мұғалжар - 3, Ойыл - 4, Темір - 5, Хромтау - 8, Шалқар - 5 оқушы).
2018 жылғы 19 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бірлескен жоспар аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында «Мен және менің құқығым» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті. Семинар тренингке 16 оқытушы қатысты.
Бұл шарада «Дебат технологиясы – заман талабы» Тобылбаев Е.Т. – Ақтөбе дебат қозғалысының директоры мен «Талабы мол Линкольн-Дуглас форматы» Ахабаева А. - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетінің 1 курс студенті дебат барысын теориялық тұрғыда түсіндірді.
Ал практикалық бөлімін көрсету мақсатында «Қазастандағы басты проблеманы көрсету» Ахабаева А., Кенетаев А. – «Шабыт» фракциясы мен Тұрсынғалиева Э., Ғазизова А. – «38 мақтаныштары» фракциясы болып көрініс ретінде көрсетті, сонымен бірге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері Ахабаева А. мен Тұрсынғалиева Э. «Адам бақытты болу үшін бай болу керек деп есептейді» деген тақырыпта өз ойларын айтып тақырыпты аша түсті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бірлескен жоспар аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың студенттері арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбына би түріндегі флешмоб акциясы 2018 жылғы 27 наурыз – 12 сәуір аралығында кесте бойынша ұйымдастырылды.
Аталған шараға Ақтөбе қаласындағы 25 колледжден 820 студент қатысты.
Оқушылардың қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың 25 қаңтары мен 12 ақпан аралығында жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-11 класс оқушылары арасында әлеуметтік инстаграм желісі арқылы облыстық «Адалдыққа бір қадам» атты сырттай суреттер байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылар салған суреттері арқылы қоғамдағы жемқорлық індетінің қаншалықты зиян әрі қауіпті екендігін көрсете отырып, адамзатты адалдыққа, жемқорлықсыз болашаққа шақырды. Байқауға қатысуда облыс бойынша барлық аудандардың оқушылары белсенділік танытты, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының инстаграм парақшасы арқылы дауыс жинауға 210 сурет жүктелді.
Жалпы білім беретін мектептердің 8-11 класс оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2018 жылғы 2 сәуірде облыстық «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді.
Өткізілген байқауға аудан, қала мектептерінен оқушылар белсене қатысты. Байқауға барлығы 31 оқушының жұмысы ұсынылды.
Оқушылар жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет екенін өз эссе жұмыстарында айта кеткен. Байқау нәтежиесінде Ойыл және Шалкар ауданының оқушыларының жұмыстары жоғары бағаланды.
Білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да үздіксіз жалғаса береді.