Что такое коррупция, принципы борьбы с коррупцией

Стандарт антикоррупционного поведения работающих
в обособленной сфере общественных отношений
управления образования Актюбинской области
10.10.2018г.
Ақтөбе облысының білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы
Қоғамның барлық саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету бойынша оқыту және тәрбиелеу бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналды.
Оның ішінде педагог қызметкерлердің алдында үлкен мақсат-міндеттер қойылған.
«Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын орындау мақсатында әзірленген Педагогикалық әдеп қағидаларында педагог қызметкер өз қызметінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерге ата-аналарынан бастап өзін қоршаған барша әлемге құрметпен қарауға барынша мүмкіндік жасайды, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге жол бермейді, өзінің адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады делінген.
Сол себепті де білім саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын алуға, оны болдырмауға, педагог қызметкердің мәртебесін түсірмеуге бағытталған шаралар жоспарлы, жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл профилактика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және білім беруді ұтымды үйлестіруге негізделеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдыр­мау мақсатында:
- педагог қызметкерлерді аттестау;
- мемлекеттік білім беру тап­сырысын орналастыру;
- білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
- қамқоршылық кеңестер инсти­тутының қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспары жыл сайын бекітіледі.
Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, басқармаға қарасты барлық білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі, жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы, нәтижелері және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпараттары қаралып, тиісті талдау жасалынып отырады.
Білім беру ұйымдары мен қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін әр жиналыс, алқалық жиындарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде үнемі ескертілуде.
Жаңа оқу жылының басталуына орай облыстың барлық білім беру ұйымдары басшыларымен жиналыстар ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және оның алдын алуды көздейтін іс-шаралар жоспарларын бекітіп, жұмыстар атқару тапсырылды.
Басқармада және облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Сенім телефондары», «Сенім жәшіктері» жұмыс жасайды. Мекеменің ресми интернет-ресурсында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мемлекеттік қызметке орналасу туралы конкурс өткізу, заңдар, нормативтік құжаттарды қамтитын бөлімдер ашылған.
Басқарма басшысының атына келіп түскен өтініштерге мерзімінде жауап беру, өтініштерде көтерілген мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдап, заңға сәйкес шешім шығару бақылауға алынған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – өскелең ұрпақ тәрбиесімен байланысты болғандықтан, бұл өте маңызды бағыт.
Барлық білім беру деңгейлерінің оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мәселелері енгізілген.
Бұл - мектепте сыбай­лас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағдарламасы болып табылады. Осы бағдарламаны жүзеге асыру­да 386 мектепте «Адал ұрпақ» клубтары құрылды. Жалпы 35 000 оқушы қамтылып, олар 446 шараға қатысты.
Тәрбиелеудің осындай нысанын енгізу оқушыларға адалдық және әділдік қағидаларын бойларына сіңіруге мүмкіндік береді.
Жаңа оқу жылының басында 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 5165 студенттің қатысуымен жемқорлыққа қарсы Бірыңғай сағат ұйымдастырылды. Ал қараша айында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының облыстық слеті жоспарлануда.
Білім басқармасының ведомстволық бағыныстағы ұйымдарымен мемлекеттік көрсететін қызметтер саны – 22 (білім басқармасымен-2; аудандық және қалалық білім бөлімдерімен, білім беру ұйымдарымен- 20).
Ағымдағы жылы 8350, оның ішінде қағаз түрінде 6006 (72%), «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 2156 (26%), мемлекеттік корпорациямен 188 (2,2%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Аталған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Шалқар, Қарғалы аудандарының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, Ойыл аграрлық, Алға индустриялық-техникалық Шалқар аграрлық-техникалық, колледждерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстарына зерделеу жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырудан өтуде.
Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою мақсатында бірқатар шара іске асырылды. Соның ішінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарында кезектілікті қалыптастыру, оның қызметі және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру өз тиімділігін дәлелдеді.
2018 жылы облыстағы 178 (51,1%) балабақшаға кезекке тұру мен жолдама беру электронды форматқа ауыстырылды.
Қазіргі таңда Қобда селосында, Алға, Хромтау, Қандыағаш, Ембі, Жем, Темір қалаларында автоматтандырылған жүйе 100% енгізілді. Ақтөбе қаласы, Шалқар, Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы аудандарында электронды форматқа көшу жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады.
Жүйенің мүмкіндіктері:
• Балабақша жолдамаларын үйден шықпай-ақ алуға болады;
• Баланың электрондық паспорты: барлық жетістіктері портфолиоға енгізіліп, білім алуын зерделеуге мүмкіндік туады;
• Мектепке дейінгі бағдарлама негізінде балаларды тәрбиелеу және оқытуды жүзеге асыру, білім беру процесін оңтайландыру, дамыту бойынша ұсыныстар енгізуге болады;
• Мектепке дейінгі мекемелерге мониторинг жүргізіп отыру мүмкіндігі бар.
Облыста техникалық және кәсіптік білім берудегі оқу үрдісін автоматтандыру мақсатында "Платонус" Электрондық колледж" ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстары басталды. Бұл жүйе Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша таңдалды. Республика бойынша жоғары оқу орындарында енгізілген.
Сонымен қатар «PLATONUS» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі колледждерде оқу процесін тиімді және оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аталған жүйе Ақтөбе гуманитарлық колледжінде пилоттық режимде енгізіліп, колледждің барлық құрылымдық бөлімшелер ақпараттарын жинау, сақтау, өңдеу, контингент өзгерісіне байланысты үрдісті автоматтандыру (оқудан шығару, оқуға қабылдау, курстан курсқа өткізу), студенттер контингенті мен қызметкерлердің мониторингі (үлгерім, сапа пайызы, қатысым, т.б.) автоматтандырылды. Сонымен қатар жыл аяғына дейін облыстың 26 колледжіне автоматтандырылған жүйені енгізу жоспарланып отыр.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 1-класқа қабылдау қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылды.
2018-2019 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасында әр тараптың құқығы мен міндеттемелері көрсетілген келісімшарт жасалатын болады.
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты аясында басқарма тарапынан электронды кесте жасалды.
Кестеде барлық жазғы және жыл бойы ұйымдастырылған оқу-сауықтыру орталықтарына, лагерьлерде бөлінген квотаға сәйкес демалған балалардың тізімі электронды кестеге енгізіледі. Егер де білім бөлімі бір балаға екінші рет сұраныс берсе, ол тізімде көрсетіліп, екінші мәрте демалуға жіберілмей, өзге баламен ауыстырылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс орналастыру бойынша жаңа оқу жылына жергілікті бюджет есебінен – 3981, республикалық бюджеттен - 1085 орынға студенттерді қабылдау жоспарланды. Бүгінгі күнге жергілікті бюджет есебінен – 3886, республикалық бюджет есебінен – 1085 студент қабылданып отыр.
2018-2019 оқу жылына техникалық және кәсіптік мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша талапкерлерді қабылдау процесінің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алу мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жанында құрылған арнайы мониторингтік топ өкілдері қабылдау комиссияларының құрамына енгізілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы Ақтөбе қаласында орналасқан колледждердің қызметкерлері мен студенттеріне «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Үшінші тұлғамен анықтамалар алу сервисі» қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған тұлғалар «Электрондық үкімет» веб-порталының бірыңғай базасына ұялы телефон номерлерін тіркеп, қазіргі таңда сервис қызметін пайдалануда.
Сонымен қатар мектеп директорларын тағайындау қағидалары өзгерді.
Жаңа қағидаларға сәйкес кандидат 4 этаптан тұратын конкурстан өтеді: мектептің қамқоршылық кеңесі, заңнама тесті, облыстық білім басқармасының келісуі, аудандық, қалалық білім бөлімдеріндегі сұхбат. Мектеп директоры тек 4 жылға тағайындалады. Әрі қарай жұмыс істеймін десе, конкурстан қайта өту мүмкіндігі бар. Міне, осы төрт ерекшелік директорлық корпустың сапасын көтеріп қана қоймай, сыбайлас жемқорлықтың да алдын алуға айтарлықтай ықпал етеді.
Педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді.
Мемлекет басшысы мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізу, категорияларды ұлттық біліктілік тест арқылы беру сияқты бірқатар міндеттерді орындау керектігін атап өткен болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы педагог қызметкерлерді аттестаттау үшін тест тапсырмаларының базасын қалыптастырып, жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеу өткізіледі. Жаңа үлгідегі аттестаттау бойынша 2411 (96,6%) педагог біліктілік санатын алды. Қыркүйек айынан бастап 2411 пән мұғалімдерінің еңбекақыларына қосымша үстемақы төленетін болады. Жаңа үлгідегі аттестаттау тәртібі де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуды мақсат тұтады.
Сөзімді қорытындылай келе, білім беру саласының әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлық көріністерінің болдырмауын көкейінде ұстауы және олардың алдын алу мақсатында барынша атсалысуы қажет екендігін айтқым келеді.
Сеніп тапсырылған мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу деңгейін арттыру білім басқармасының тұрақты назарында.
25.12.2017г.
Видеоролики отражающие нетерпимость к коррупции