Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық форматы

Жалпы облыстың білім беру саласында 37, оның ішінде Ақтөбе облысының білім басқармасына ведомстволық бағыныстағы ұйымдарымен 15 мемлекет қызмет көрсетіледі.
Балабақшаға орындарды бөлудің ашықтығы мен мобильдігін қамтамасыз ету мақсатында жолдама беру автоматтандырылды.
2019-2020 оқу жылынан Ақтөбе облысының барлық мектептері 1-класқа mektep.akt_kz (Ақтөбе қаласының тұрғындары), eaktobe.kz (аудан тұрғындары) сайттары арқылы электронды форматта қабылдады.
Ата-аналар тарапынан аталған автоматтандырылған жүйеге қатысты біраз наразылық туындап, электронды тіркегеннен гөрі бірінші басшыға тікелей кіргенді қалайтындар да болды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көптеп жүргізіліп, білім беру ұйымдарында кеңес беру пунктері ашылды.
«Платонус» Электрондық колледж» ақпараттық жүйесіне қосылу жұмыстары нәтижелі жүргізілуде. 2019 жылы облыстағы 26 (100%) мемлекеттік колледж аталған ақпараттық жүйеге толықтай қосылды.
Анықтама үшін: Ақпараттық жүйе екі модульден тұрады: білім беру ұйымына арналған (ББҰ), білім басқармасына арналған (ББ).
Жүйе арқылы Қабылдау, Картотека, Оқу жүйесі, Электронды журнал, Есептер, Бұйрықтар және т.б құрылымдар электронды түрде жүзеге асырылады.
Аталған құрылымдарды сандық жүйеге көшіру абитуренттерді қабылдауды жоспарлау, студенттер мен оқытушылардың жеке ақпараттарын электронды сақтау, білім беру жүйесін жоспарлау, оқу үлгерімрсін қадағалауға мүмкіндік береді.
«Е-Портфолио» ақпараттық жүйесі
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметі 2019 жылдың тамыз айынан бастап енгізілді.
«Электронды портфолио» ақпараттық-аналитикалық жүйе облыстың педагогикалық құрамы туралы мәліметтерді жүйелеуге және жинақтауға арналған: саны, мамандығы, жасы, біліктілік көрсеткіштері және басқа да деректер, сондай-ақ бос жұмыс орындарының саны, кадрлар, жұмыс орындарына сұраныс және т.б. кадрлық әлеуетті басқару.
Жүйе реттелетін персоналды есепке алуды қамтамасыз етеді және қызметкерлер туралы жеке деректерді, олардың орналасқан жерін және байланыс ақпаратын сақтауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында «Cloudmart» ЖШС-нің ұсынып отырған «Е-Портфолио» (akt.eportfolio.kz) ақпараттық жүйесі бойынша қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, облыстық мектеп-интернаттардың мемлекеттік көрсетілетін қызметін электронды түрде көрсетуге жауапты мамандарына семинар-кеңес ұымдастырылды. Қазіргі таңда аталмыш ақпараттық жүйеге 18 746 (99,2%) мұғалім тіркеліп электронды портфолиоларын толықтыру үстінде. Аудандар бойынша тіркелген аккаунттардың белсенділігі және толтыру сапасының пайыздық үлесі – 78,3%. Аудандар бойынша тіркелген аккаунттардың белсенділігі және толтыру сапасының пайыздық үлесі – 81,9%.
2020 жылдың мамыр айынан бастап мұғалімдерді аттестациядан өткізу (санат беру) жұмыстары электронды форматқа толықтай көшті.
Добавлено: 
16.07.2012 - 05:00
Последние изменения: 
13.03.2019 - 05:00