1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 1 тамыз аралығында іске асырылады

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
  • Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 3х4 көлеміндегі 2 фото.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады. 17 тамыздан бастап Жазғы мектеп жұмыс істей бастайды. Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады.@edu_news_qz