М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернаты электрондық форматта 2020-2021 оқу жылына 5 –сынып оқушылары үшін құжаттар қабылдайды.

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернаты 2020 жылдың 18 мамыр – 17 маусым аралығында Пандемия кезеңінде короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында электрондық форматта 2020-2021 оқу жылына 5 –сынып оқушылары үшін құжаттар қабылдайды.
Қабылдау емтиханына қатысу үшін http://tiny.cc/Daryn2020Qabyldau сілтемесі арқылы тіркеу жүргізіледі.
Сілтеме бойынша төмендегі ақпараттар толтырылады:
1.Үміткердің ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен ӨТІНІШ;
2.Туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН (ИИН);
3. Фотосурет 3х4.
Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді. Тіркелгеннен кейін электрондық поштаңызға емтиханның уақыты белгіленген рұқсатнама жіберіледі.Қабылдау емтиханы екі кезеңнен тұрады.
1-кезең. 2020 жылғы 18 маусымда өтеді.Үміткер математикадан 5 тапсырмадан тұратын жазбаша жұмыс тапсырады және қазақ тілінен мазмұндама жазады.
2-кезең. 2020 жылғы 20 маусымда өтеді. Үміткер математикалық сауаттылықтан және оқу сауаттылығынан тапсырмалар орындайды.АТА –АНАЛАР НАЗАРЫНА!
- Тіркеуден өтуі туралы рұқсатнама электронды поштаға түсуі үшін ата-ананың (заңды өкілінің) атына gmail.com пошта ашу;
- Үміткерді бетпердемен қамтамасыз ету;
-Уақытынан кешіккен үміткер емтиханға жіберілмейді
Мекен – жайы:Ақтөбе қаласы, Н.Қобландин көшесі 2
Байланыс телефоны: 8(7132)21-10-73