Балаларды балабақшаға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді 

Кезекке қою қызметін тек білім беру бөлімінің кеңсесі арқылы ғана емес, сондай-ақ өз бетімен «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімдері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.
Егер егіз немесе үшем балалардың бірі балабақшаға орын алса, бос орындар болған жағдайда барлық балаларға бір ұйымға бір уақытта жолдама алуға мүмкіндік берілді
Балабақшаларға бірінші кезекте қабылдау бойынша жеңілдік санатына педагогтердің және мүгедек баласы бар отбасылардың балалары енгізілді. Бос орындарға арнайы санаттағы балалар қабылданғаннан кейін, үш күн өткен соң, орындар кезекте тұрған келесі бірінші 1 000 (бір мың) өтініш берушіге ашылады.