Ақтөбе - адалдық алаңы

Білім беру жүйесіндегі «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы
Өткен жылы облыстың білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бірқатар жаңаша бастамалар қолға алынып, нәтижелі профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Атап айтқанда:
Біріншіден, білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері мен сала қызметкерлері арасында жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағытында шаралар қолға алынды.
Екіншіден, ақпараттық-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында әрбір білім беру мекемелерінің веб-сайттарында да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары» айдары енгізіліп, ол жерде барлық заңнамалық құжаттар, атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мәліметтер орналастырылды. Яғни ашықтық қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар ерте жастан жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздеріне баулу мақсатында балабақшадан колледжге дейін балаларға түрлі форматтағы шаралар ұйымдастыру жолға қойылды.
Төртіншіден, барлық білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар процестерге, шараларға қоғамдық бақылау күшейтілді.
Бесіншіден, «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен жыл бойы тығыз бірлесе жұмыстар атқарылды. Бұл – білім саласына үлкен көмек. Соның ішінде білім саласына азаматтардың сенімінің артуына көмек бергендігін баса айтқым келеді. Оның дәлелі – жыл бойы жүргізілген жұмыстар туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттарда азаматтар тарапынан жағымсыз пікірлердің азайып, сенімнің артқаны, позитивті комментарийлердің көбеюі.
Енді атқарылған шараларға кеңірек тоқталып өтсем, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар тұстарда қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жасалған жұмыстар туралы айтып өткім келеді.
1. 2018 жылдан бастап облыстық пән олимпиадасын өткізуде жаңашылдықтар енгізілді. Атап айтқанда ашықтық және айқындықты қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық және басқа да қауіпсіздікті сақтаудың барлық аспектілері ескеріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту тетіктері әзірленді. Олимпиаданың өту барысын ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, ардагер ұстаздар, «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінен құралған арнайы комиссия бақылап, жария түрде өтуі қамтамасыз етілді.
Облыста қолданылған осы тәжірибе үздік үлгі ретінде республикалық олимпиаданы өткізу барысына енгізілді.
Басқарманың инстаграмм желісінде таңертеңгі 6-дан бастап кешкі олимпиада біткенге дейінгі ақпараттардың (материалдары тираждау сәті, пакеттеу, таратылуы, өту барысы, бақылаушылардың («Нұр Отан» партиясының, Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің, «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, білім беру саласының ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, ата-аналар) әділқазылардың, кезекшілердің жұмысы) барлығы лезде салынып отырды, ата-аналармен ашық диалог жүргізілді.
Мысалы биылғы жылы ағылшын тілі және орыс класындағы қазақ тілі пәндері бойынша жоғары оқу орнының оқытушыларынан құралған қазылар алқасы хаттаманы толтыру барысында қателіктерге жол берді. Барлық нәтиже халықтың көз алдында анық болғандықтан, сын-ескертпелер ескеріліп, қателіктің өзі лезде түзетілді.
Мұның барлығы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау іс-әрекеттері.
Олимпиаданың ашық және әділ өтуінің нәтижесінде жаңа есімдер, жаңа мектептер, жаңа баптаушы мұғалімдер есімі анықталды.
2.Мамандандырылған мектеп-интернаттар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандары, директорлық лауазымға қабылдау конкурсын өткізу барысы да «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің бақылауымен өткізілді.
Мысалы өткен жылы білім-инновация лицей интернатында қабылдау емтиханын өткізу барысында «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қорына тәуекелді азайту, емтихан қабылдау процесін жетілдіру бағытында ұсыныстар жолданды.
3. Басқарманың ұсынысымен «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында сыйбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша бірнеше ұсыныс беріліп, құзырлы органдарға жолданды.
Анықтама үшін: 1.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау емтиханын ұлттық бірыңғай тестілеу үлгісінде өткізуге құзырлы органдарға ұсыныс беру;
2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консултациялардың функцияларын территория бойынша бөлу;
3. «Алма» мен «Ақбота» балабақшаларын облыстық бюджетке ауыстыру
4. Арнайы түзетім балабақшаларының санын көбейту шараларын алу
Білім беру мекемелерінің азаматтармен өзара әрекеттесуінің кез-келген тәртібі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Қабылдау, ауысу (Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы), гранттар бөлу (Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы), жатақханадағы орындарды анықтау (Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана бер мемлекеттік қызметінің стандарты бекітілген) және т.б. барлық осындай процестер тиісті нормативтік құқықтық актілерде анық көрсетілген. Бұл шаралар әкімшілік кедергілерді жоюға ықпал етеді.
Ағымдағы жылғы тамыз кеңесі барысында «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, білім басқармасы, аудан және қала әкімдіктері арасында үш жақты меморандум жасалды. Меморандумда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар шаралар барысында жобалық кеңсемен бірлесе жұмыс жасау қарастырылған. Меморандум аясында да біршама шаралар жүзеге асырылды. Саладағы өзге де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесімен таныстырып өтсем деймін.
Облыстағы 380 мектепте 95500 оқушы, 38 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 4826 студенттің қатысуымен «Адалдық сағаттары» өткізілді.
«Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп «Мен сыйлық алмаймын!», «Ақша жинауға қарсымыз!» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара шеңберінде БАҚ-да, әлеуметтік желілерде азаматтар үшін қол жетімді инфографика, бейнероликтер орналастырылды.
Ақтөбе қаласының 5 (Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология, Жоғары политехникалық, Жоғары медициналық, гуманитарлық, Жоғары ауылшаруашылық колледждері) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында студенттерге қызмет көрсету орталықтары іске қосылды.
Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруда 386 мектеп пен 37 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында құрылған «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» клубтарына 39 мыңнан астам білім алушы қамтылды. Барлық ұйымдарда «Парасатты азамат» бұрышы ұйымдастырылды.
35 колледжде «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды. 28 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында «Парасаттылық мектебі» кабинеттері ашылып, жұмыстар жүргізілуде.
«Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыс әкімдігінің, басқарманың инстаграм әлеуметтік желісінде, білім басқармасы басшысының азаматтарды онлайн қабылдау айдары өткізіліп, тікелей эфир арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріледі. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы және аудандық білім бөлімдері, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері басшыларының кесте бойынша әлеуметтік желі арқылы азаматтарды онлайн қабылдауы жүргізілуде.
Білім беру ұйымдарындағы бюджет қаражатының қайда жұмсалатыны туралы толық ақпарат «Ашық бюджет» интернет порталына орналастырылған. Бюджет қаражатының қалай және қайда іске асырылып жатқандығы тек мекемеге және бақылаушы органдарға ғана белгілі емес, нақты көрінісін ата-аналар да көреді.
Білім саласында сыбайлас жемқорлық алдын алу бағытында нақты проблемалық мәселелер жоқ. Дегенмен ашықтық пен есеп беруде кемшіліктер орын алып отырғанын мойындаймыз. Оның барлығы білім басқармасының ғана емес, заңнамадағы реттеулердің кемшілігі.
Анықтама үшін: Мысалы, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі тиісті Қағидаларымен (Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы) регламенттелген. 2. Білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшаларды қаржыландыру тәртібі регламенттелмеген.
3. Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды формаға ауыстырылмауы
Барынша таза жүйені білім саласына енгізуге жұмыс жасалуда.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы.
Жалпы облыстың білім беру саласында 37, оның ішінде Ақтөбе облысының білім басқармасына ведомстволық бағыныстағы ұйымдарымен 15 мемлекет қызмет көрсетіледі.
Балабақшаға орындарды бөлудің ашықтығы мен мобильдігін қамтамасыз ету мақсатында жолдама беру автоматтандырылды.
2019-2020 оқу жылынан Ақтөбе облысының барлық мектептері 1-класқа mektep.akt_kz (Ақтөбе қаласының тұрғындары), eaktobe.kz (аудан тұрғындары) сайттары арқылы электронды форматта қабылдады.
Ата-аналар тарапынан аталған автоматтандырылған жүйеге қатысты біраз наразылық туындап, электронды тіркегеннен гөрі бірінші басшыға тікелей кіргенді қалайтындар да болды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көптеп жүргізіліп, білім беру ұйымдарында кеңес беру пунктері ашылды.
«Платонус» Электрондық колледж» ақпараттық жүйесіне қосылу жұмыстары нәтижелі жүргізілуде. 2019 жылы облыстағы 26 (100%) мемлекеттік колледж аталған ақпараттық жүйеге толықтай қосылды.
Анықтама үшін: Ақпараттық жүйе екі модульден тұрады: білім беру ұйымына арналған (ББҰ), білім басқармасына арналған (ББ).
Жүйе арқылы Қабылдау, Картотека, Оқу жүйесі, Электронды журнал, Есептер, Бұйрықтар және т.б құрылымдар электронды түрде жүзеге асырылады.
Аталған құрылымдарды сандық жүйеге көшіру абитуренттерді қабылдауды жоспарлау, студенттер мен оқытушылардың жеке ақпараттарын электронды сақтау, білім беру жүйесін жоспарлау, оқу үлгерімрсін қадағалауға мүмкіндік береді.
Бүгінде мектептегі оқушылардан ақша жинау мәселесі жиі айтылады. Әсіресе, оған ата-аналар тарапынан қарсы пікірлер көбірек кездеседі. Сондықтан мектептерде түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізіліп тұрады. 2019-2020 оқу жылының басында оқушылардың ата-аналары мен білім беру мекемесінің ұжымына кез келген жарна түрлері заңсыз болып табылатыны туралы ақпарат беріліп, ақша жинауға тиым салу туралы бұйрық таныстырылды. Ата-аналар мен оқушылардан негісіз ақша жинау фактісі туралы негатив пікірлер өткен жылмен салыстырғанда біраз төмендеді. Оны аудандар қимасында крсетілген кестеден көре аласыздар. Аталған мәселе білім беру ұйымдарының тұрақты назарында. (Ақтөбе қаласындағы №63 ОМ туралы 4 рет жарияланды, қалған негативтер анонимді түрде, мектебі мен ата-ананың аты-жөні көрсетілген жоқ. Сондықтар статистика ғана жасалды)
Сонымен қатар ардагер ұстаздар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының, Ақтөбе қаласының әкімі, мектеп, балабақша басшыларының қатысуымен «Адалдық-ардың ісі» атты ток-шоу ұйымдастырылды. Ток-шоуда білім саласындағы барлық түйткілді мәселелер талданып, шешу жолдары ұсынылды.
2020 жылы да облыстың білім беру жүйесінде жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша осы бағытта жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта
1.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру, жауапты және адал жұмысысын қамтамасыз ету;
2. «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасымен бірлескен шараларды ұйымдастыру;
3. Балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыстар жандандырылатын болады.
Добавлено: 
12.05.2020 - 05:00
Последние изменения: 
12.05.2020 - 05:00