Рухани жаңғыру

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының
2019 жылға жүзеге асырылуы және 2020 жылға міндеттер
Барлық білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының негізін– "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" және "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақалалары құрайды. Сонымен қатар жоба аясындағы "Туған жер", "Қазақстанның киелі географиясы", "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламалары іске асырылуда.
Балабақша бағдарламалары да рухани құндылықтарды өз жоспарларына енгізіп, жұмыс істеуде.
2019 жылы білім саласында «Рухани жаңғыру» жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша жалпы құны 689 млн. теңгені құрайтын 70 жоба іске асырылып, 3 мыңнан астам шара өткізілді.
Оның ішінде 10-ы республикалық («Табиғатты аяла», «Алтын қазына», «Ұлы өнертапқыштыққа алғашұы қадам», «Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауы», «Ақшағала», «Қазақстан балалары шексіз әлемде», «Менің Отаным Қазақстан», «Шеберлер қаласы», «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысы») деңгейде дәстүрлі түрде өткізілетін, 44-і жалғастырылған, ал 16-сы жаңа жобалар.
Қамтылған оқушылар саны – 142 000 (100%).
Қазақстан Республикасында білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі іс-шараларға қатысқан оқушылардың үлесі» нәтиже көрсеткіші белгіленген және облыс оқушыларының 100 % аталған бағдарлама аясындағы шаралаға қатысуы көзделген. 2019 жылы бұл көрсеткіш толығымен орындалды. Яғни кіші бағдарлама аясындағы шаралардың ұйымдастырылуы мен білім алушылардың қатысым деңгейі тұрақты бақылауда болды.
Ал 2019 жылы мақаланың «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы шеңберінде Республиканың киелі жерлеріне (Түркістан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облысы және т.б.) 9700 оқушы және Ақтөбе облысының киелі жерлеріне енген мекендерге (Республикалық деңгейдегі 10 нысан, өңірлік деңгейдегі 34 нысанға) 10500 оқушыға экскурсия ұйымдастырылды. Жалпы республиканың және облысымыздың киелі және көрікті жерлеріне 20 200 бала саяхат жасады.
Экскурсияны ұйымдастыру негізінен демеушілер мен ата-аналардың қолдауымен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың 2019 жылға арналған жол картасы негізінде «Құтты мекен– Ақтөбе» экскурсиялық турын өткізу жобасы дайындалды. Жоба аясында Батыс Қазақстан облысынан аз қамтылған отбасы балалары (25 бала) Ақтөбе өңіріне саяхатқа келді. Саяхатшылар «Достық» қала сыртындағы демалыс лагерінде орналастырылды.
Анықтама үшін: Батыс Қазақстан облысының балалары облысымыздың мәдени-тарихи орындары мен ойын-сауық кешендерін, оның ішінде облыстық өлкетану және Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың мемориалдық мұражайларын, Тұңғыш Президент атындағы және ретро саябақтарды, «Керуен Сити» ойын-сауық кешенін аралап, қала тарихымен танысты.
Жол картасы аясында ақтөбелік аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 10 баласына Маңғыстау өңіріне саяхат ұйымдастырылды.
Анықтама үшін: Саяхат кезінде Ақтау қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Өлкетану мұражайына, Шақпақ-ата жерасты мешітіне, шарлы аңғарларға, ежелгі Қызылқала қалашығына, құлыптарға, этноауыл Көгезге, Шерқала және Айрақты тауларына, Ақтау қаласының қонақ үйлері мен демалыс базаларына барып, Ақтау қаласының теңіз жағалауында серуендеді.
35 оқушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайы, қоры, кітапханасы, университеті мен Ұлттық мұражайғасаяхат жасап келді.
300-ге тарта баланы қамтыған туристер мен жас өлкетанушылар слеті, натуралистер мен экологтар форумы да өткізілді.
2018-2019 оқу жылынан бастап төрт пән бойынша деректермен қамтылған «Өлкетану» оқулығы қолданысқа енгізілгені белгілі. Бұл - қосымша оқыту құралы. Аталған бағдарлама бойынша 20 сағат бөлінген, әрі ол 5, 6, 7-кластарды қамтиды.
«Өлкетану» оқулығының мақсаты – оқушының туған өлкесі туралы танымын арттыру, патриоттық тәрбие беру.
Оқулық әр аймақтың ерекшелігіне сай шығарылған.
Оқулықты сатып алуға облыстық бюджеттен 84,9 млн. (2018 жылы – 75 млн) теңге қаржы бөлініп, 35 375 (2018 жыл -38925 дана) дана кітап пен хрестоматиялар мектептерге таратылып берілді.
Оқулық жеке пән ретінде емес, басқа пәндерге кіріктіріліп оқытылады, яғни Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география, музыка сынды сабақтарға өтетін кейбір тақырыптарға қосымша ретінде енгізіліп отыр.
Жалпы өткізілген шаралар қорытындысы осындай, 2020 жылға да біршама міндеттер қойылып отыр. Атап айтқанда:
1.Ақтөбе мекені-тарихқа тұнған өлке. Осындай тарихи өлкемізді әрбір өрен мақтанышпен айта білуі керек. Ақтөбеде туылған кез келген ақтөбелік бала алдымен өз жеріміздің тарихын білуі керек. Мектеп оқушылары үшін бүгінгі күнде шежірелі өлкелерімізге саяхат ұйымдастырылып, кеңінен мағұлмат берілуде. Бұл бастама әлі де әрі қарай жалғасын табады. Басқа да аудандар қамтылатын болады.
2. Абайдың 175 жылдығы аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылатын болады. Білім беру ұйымдарында арнайы жоспар құрылып, шаралар өткізілуде.
3) Өлкетану пәні білім беру ұйымында емес мұражай, тарихи ескерткіштер, табиғат аясы, өнер мекемелерінде жүргізілетін болады.
4) Жас таланттарды, новаторларды, дарынды балаларды насихаттау бағытында шаралар қолға алынады.
Добавлено: 
12.05.2020 - 05:00
Последние изменения: 
12.05.2020 - 05:00