Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы
«Рухани жаңғыру» жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 70 жоба іске асырылып, 3 мыңнан астам шара өткізілді. Оның ішінде 10-ы республикалық («Табиғатты аяла», «Алтын қазына», «Ұлы өнертапқыштыққа алғашұы қадам», «Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауы», «Ақшағала», «Қазақстан балалары шексіз әлемде», «Менің Отаным Қазақстан», «Шеберлер қаласы», «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысы») деңгейде дәстүрлі түрде өткізілетін, 44-і жалғастырылған, ал 16-сы жаңа жобалар. Қамтылған оқушылар саны – 142 000 (100%).
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы шеңберінде Республиканың киелі жерлеріне (Түркістан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облысы және т.б.) 9700 оқушы және Ақтөбе облысының киелі жерлеріне енген мекендерге (Республикалық деңгейдегі 10 нысан, өңірлік деңгейдегі 34 нысанға) 10500 оқушыға экскурсия ұйымдастырылды. Жалпы республиканың және облысымыздың киелі және көрікті жерлеріне 20 200 бала саяхат жасады.
2016-2019 жж.арналған «Білім мен ғылымды дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны» жүзеге асыру аясында өңірде балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі қозғалысының белсенділігі артты. Мемлекеттік бағдарлама аясында «Жас ұлан», «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына тартылған оқушылардың үлесі 63%-дан 67%-ға дейін жеткізілді.
Өңірде балалар мен жасөспірімдер қозғалыстарымен, оның ішінде «Жас ұлан» (61484), «Жас қыран» (39667) қозғалыстарымен 101 151 (67%) қамтылған.
Бағдарлама аясында аталған көрсеткішке қол жеткізу мақсатында «Жас ұлан әлемінде» шығармалар байқауы, «Жайдарлы жас ұлан» көңілді тапқыштар ойыны, «Болашақ Қазақстан – менің көзіммен» баяндамалар, «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы негізінде «Сен білесің бе?» викториналық байқаулары, «Үлкенге құрмет – кішіге міндет» акциялары сынды шаралар ұйымдастырылды.
Өңірде жыл сайын 16 желтоқсан мен 1 мамыр мерекелеріне қарсаңында облыс әкімінің қатысуымен «Жас қыран», «Жас ұлан» қатарына қабылдау салтанатын өткізу дәстүрге айналды.
Сонымен қатар үздік жасұландықтар азаматтық қоғамдық бастамаларды қолдау орталығының «Балалар және білім, демалыс және мәдени іс-шаралар» тақырыбындағы гранты аясында «Discovery Borovoe» жазғы сауықтыру лагерінде «Жас ұрпақ - Мәңгілік Ел тірегі» тақырыбында «Жас Ұландықтар» маусымына қатысты.
2016 жылы қамқоршылық кеңестер құрылған мектептердің үлесі - 49,5% болса, қазір 100% -ды құрайды.
Добавлено: 
11.05.2020 - 05:00
Последние изменения: 
11.05.2020 - 05:00