Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы
Облыста 43 колледж қызмет жасайды. 1 (34 білім алушы) колледж қылмыстық атқару жүйесіне жататындықтан және арнайы есту, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат (8 оқушы) жабық мекеме болғандықтан оқу процесі дәстүрлі түрде жүргізілуде. 2 (кооперативтік, қаржы-экономикалық) жекеменшік колледжде контингент жоқ.
38 колледждің 15 899 білім алушысы 16 сәуірден қашықтан оқытумен бастады.
· 6 колледж Платонус" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (3390 білім алушы),
· 27 колледж (8330 білім алушы) ЕduРage платформасы (17 мемлекеттік, 10 жекеменшік);
· 2 колледж (1152 білім алушы) Мoodle бағдарламалық ортасы,
· 1 колледж (37 білім алушы) «Электронды журнал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі,
· 1 колледж (748 білім алушы) «ИС-колледж» платформасы,
· 1 колледж (1123 білім алушы) Google class romm арқылы қосылды.
Ойыл аграрлық колледжінің (172 білім алушы) интернет жылдамдығының төмендігіне байланысты электронды платформаға кіру мүмкіндігі жоқ. Сондықтан оқытушылар білім алушыларға беретін тапсырмаларын қағаз жүзінде қалыптастыруда.
Сонымен қатар қосымша 938 оқушы Whatsap, 181 оқушы телеграм мессенджерлері арқылы тапсырмаларды алып, кері байланыс жасап отыр.
Жалпы Министрлік жолдаған барлық нұсқаулықтар әр колледж педагогына жеткізілді. Сонымен қатар басқарма тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әр техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құрылған Call Centеr жұмыс істеп тұр.
Облыс колледж студенттері арасында челендж жүргізіліп, «Қашықтан оқыту тосқауыл емес», «Дистанционное обучение не преграда» хэштегтерімен әлеуметтік желілерге орналастырылды.
Қашықтан оқыту процесінің ұйымдастырылу барысы туралы бейнероликтер дайындалып, ақпараттық хабарлама ретінде орналастырды.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы ТжКББ» ютуб каналы ашылды. Облыс педагогтері 100-ден астам бейнесабақ әзірлеп, YouTube каналға орналастырды. Сонымен қатар әдістемелік көмек беру бағытында «ДОТ-ТИПО-АҚТӨБЕ» телеграм каналы іске қосылды. Қазіргі таңда 448 сабақ, 69 слайд, 60 челлендж, 90 тәрбие бағыты бойынша сабақтар жүктелген.
LMS EDUPAGE.zip
Аймақтық онлайн кітапханалар
Аймақтық онлайн кітапханалар.docx
Каталог видеоуроков, электронных учебников и дополнительных материалов для использования ДОТ по специальностям ТиПО — НАО Холдинг "Кәсіпқор" http://kasipkor.kz/?page_id=9317&lang=ru
Теориялық және практикалық тест тапсырмалары http://kasipkor.kz/?page_id=6993&lang=ru
ТжКББ арналған оқу құралдарының электрондық базасы
ТжКББ арналған оқу құралдарының электрондық базасы.docx
Добавлено: 
15.04.2020 - 05:00
Последние изменения: 
15.04.2020 - 05:00