Жалпы орта білім беру

Ақтөбе облысында орта білім беру саласында қашықтан оқытуды ұйымдастыру
Облыста 402 мектептің 151058 білім алушысы IV тоқсанды қашықтан оқытумен бастады. Қашықтан оқыту 2 тетік бойынша жүргізілуде.
Анықтама үшін:
1. 16770 оқушы (11%) телевизиялық сабақтар арқылы оқуда.
2. 134 288 (89%) оқушыға қолжетімді Bilimland.kz, daryn.online.kz, kundelik.kz, School.ozin-ozi-tanu.kz платформаларды пайдалана отырып қашықтан оқытылуда.
Мектептердің балансында тұрған 8598 компьютерді (7298 оқушы, 1300 педагог) уақытша пайдалануға беру арқылы шешілді.
Қашықтан оқытуға қажетті компьютерлер мен гаджеттер сатып алу мақсатында қаражат бөлінді. 2400 ноутбук аудандарға, 1700 комплект компьютер Ақтөбе қаласының қажеттілігі бар отбасы балаларына таратылып берілді.
Жергілікті (аудандық) бюджеттен 253 ноутбук, 109 роутер алынып, 27 отбасына интернет желісі орнатылған.
Электронды құрылғылармен және интернет желісіне қосылу, телеарналарға қосылуы үшін арнайы құрылғылармен жабдықтауда демеушілер де өз үлесін қосты.
Анықтама үшін: компьютер-1, планшет-1, смартфон-35, телевизор-8, флешка-66, роутер-3 сатып алынса, 88 оқушының телефондарына бірлік жүктелді, интернет-4, Отау ТВ-15 орнатылды.
Облыстағы барлық білім беру ұйымдарының қатысуымен «ДОТ-Ақтөбе» телеграмм-каналы іске қосылды.
Жергілікті «AQTOBE» телеарнасында 07.04.2020 жылдан бастап «Балапан» каналындағы телесабақтар сағат 09.00-14.00. аралығында ретрансляциялануда.
Басқарма тарапынан облыс педагогтерінің көмегімен 1-11 класс оқушылары үшін бейнесабақтар әзірленіп, арнайы ютуб каналға апта сайын орналастырылып отыр.
Биология пәнінен Ақтөбе облысы педагогтерімен 70 телесабақ түсіріліп, onlinе.edu.kz порталына жүктелді.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 4 арнайы мектепте білім алатын 573 балаға қашықтан оқыту ұйымдастырылды.
Қашықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша білім алушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында білім басқармасының әлеуметтік желілерінде ақпараттар орналастыру және басқарма басшысы мен орынбасарларының, облыстық ғылыми-әдістемелік орталық, «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы директорлары мен мамандарының тікелей эфирге шығуы арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Педагогтер мен оқытушылар үшін онлайн форматта 5 қысқа мерзімді курс, 194 вебинар өткізілді.
Басқармада, аудандық және қалалық білім бөлімдерінде 14 САLL-орталық іске қосылды, 42 қызметкер жұмыс жасап отыр. Қазіргі таңда 56 өтініш тіркелді.
Қазіргі таңда облыста барлығы 912 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленеді, оларға арналған 5 мекеме жұмыс жасайды.
Анықтама үшін: «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, Қобда, Мәртөк және Хромтау отбасы үлгісіндегі балалар үйлері.
-«Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында бүгінгі күнде 92 тəрбиеленушілер тіркелген (38 студент, 5 әскери қатарында, 49 жұмыс жасайтын жастар). Барлық студенттер интернет желісімен, компьютерлермен қамтылған. Жұмысшы жастардың 10-ы вахтада, 22-сі еңбек демалысында, 2-уі қашықтықтан жұмыс режимінде, 15-і күнделікті жұмысқа барып келеді.Қызметкерлер саны 55 адам (5 тұрақты жұмыста, 2 қашықтықтан жұмыс жасауда, 14 еңбек демалысында, 35 қызметкерлер вахталық режиміне ауысты).
-«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында бүгінгі күнде 18 тәрбиеленуші тұрады.
Анықтама үшін: 3- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 14- қадағалаусыз қалған, 1- арнайы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына орналастырылатын бала.
Тәрбиеленушілер орталықта №29, №72 орта мектептерінде қашықтықтан оқытылады. Барлығы 43 қызметкер жұмыс жасайды. Қызметкерлер тасымалдаумен толық қамтамасыз етілді.
Анықтама үшін: 2-адам күнделікті жұмыста, 10-еңбек демалысында, 10 - қашықтықтан жұмыс жасайды, 21 қызметкер вахталық жұмысқа көшті.
-Отбасы үлгісіндегі 3 балалар үйінде 27 жетім бала, басшы-аналар және көмекшілер мекемеде тұрып жатыр (әр мекемеде 1 басшы-ана және 1 көмекші тәрбиеші жұмыс жасайды). Балалар үйлерінде интернет желісі, ноутбук пен компьютерлер бар.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың денсаулығын сақтау және коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында мекемелерде карантин енгізіліп, тәрбиеленушілердің жеке гигиенасын бақылауды күшейту, үй-жайларды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, қызметкерлердің жұмыс кестесін өзгерту, қызметкерлерді жеткізуді қамтамасыз ету бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар кешені қабылданды.
Аталған ұйымдардың қызметкерлері мен тәрбиеленушілері арасында коронавирустық инфекцияның бар-жоғына тестілеуден өткізілді.
Анықтама үшін: «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығынан-123, Хромтау отбасы үлгісіндегі балалар үйінен-11, Қобда отбасы үлгісіндегі балалар үйінен-9, «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан -48 тәрбиеленушілері және қызметкерлері өткізілді. Алдағы уақытта Мәртөк отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері тестілеуден өткізілетін болады.
Орта білім беру саласында қашықтан оқытуды ұйымдастыру
6 сәуірден бастап Ақтөбе облысындағы 402 мектептің 151058 білім алушысы үшін қашықтан білім беру енгізілді.
Қашықтан оқыту 2 тетік бойынша жүргізілуде.
Біріншіден,16770 оқушы (11%) телевизиялық сабақтар арқылы оқуда. Интернет желісіне қосылу мүмкіндіктері бойынша кері байланыс «Күнделік» электрондық журналы, WhatsApp мессенджері, ұялы байланыс және алдын ала дайындалған тапсырмалар курьер арқылы қағаз тасымалдағышта жасалады.
Екіншіден,134 288 (89%) оқушыға қолжетімді Bilimland.kz, daryn.online.kz, kundelik.kz, School.ozin-ozi-tanu.kz
Жергілікті «Қазақстан AQTOмBE» телеарнасында 07.04.2020 ж. бастап «Балапан» каналындағы телесабақтар сағат 9.00-14.00. аралығында көрсетілуде.
Басқарма тарапынан облыс педагогтерінің әзірлеген 1-11 класс оқушылары үшін бейнесабақтары Білім басқармасының You tube каналына апта сайын жүктеліп отыр.
Қашықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша білім алушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында білім басқармасының әлеуметтік желілерінде ақпараттар орналастыру және басқарма басшысы мен орынбасарларының, облыстық ғылыми-әдістемелік орталық, «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы директорлары мен мамандарының тікелей эфирге шығуы арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Педагогтер мен оқытушылар үшін онлайн форматта 5 қысқа мерзімді курс, 194 вебинар өткізілді.
Басқармада, аудандық және қалалық білім бөлімдерінде 14 caLL-орталық іске қосылды, 42 қызметкер жұмыс жасайды.
1. Жалпы білім беретін орта мектептерде қашықтан оқыту: http://www.bilimaktobe.kz/index.php/en/awards
2. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту: http://www.bilimaktobe.kz/index.php/en/2017-05-26-17-50-45
3. Қосымша білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту http://www.bilimaktobe.kz/index.php/en/international-patients
YOUTUBE КАНАЛДАРЫ:
1. Ақтөбе білім басқармасы https://www.youtube.com/channel/UCOcTPHskDpenjE7tmrLwGrg
2. Ақтөбе облысы білім басқармасы ТжКББ қашықтан оқыту https://www.youtube.com/channel/UCBEv7MirBomMMr5Mp5YmNLQ
Daryn.online оқу порталымен жұмыс: https://www.youtube.com/watch?reload=9&v=6jFJP1GmI88&feature=youtu.be
Daryn.online оқу порталына тіркелу нұсқаулығы
ДАрын онлайн тіркелу нұсқаулығы.pdf
ZOOM сервисімен жұмыс жасау
instructions-zoom.pdf
Zoom.pdf
Kundelik.kz порталының ресми YouTube арнасы.docx https://www.youtube.com/channel/UCtPa-Vpfm8vn_ZRl7dRA6ww
Kundelik.kz сайтында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық.docx https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/360019246974
Қашықтықтан оқыту кезінде бағаларды қалай қоюга болады? https://www.youtube.com/watch?v=epAroOLVAPw
Қашықтықтан оқыту кезінде сыныптың ішінде топты жасау? https://www.youtube.com/watch?v=AH6uHWPO_bU
Kundelik.kz платформасында оқыту https://www.youtube.com/watch?v=PfKSiLYi_S4
Үй тапсырмаларды орындау және файлды бекіту https://www.youtube.com/watch?v=Rkn1bs-xLQw
Үй тапсырманы беру және файлды бекіту нұсқаулығы https://www.youtube.com/watch?v=1AzcckEnW1g
Хабарландыруды жасау.docx https://www.youtube.com/watch?v=uaDzaTKrcSg
Қашықтан оқыту бойынша ата-аналарға кеңес
6 советов для родителей по онлайн-обучению.pdf
Bilimland платформасында қашықтан оқыту
Дист обучение по платф билимленд.pdf
Жадынама
Жадынама.pdf
Қашықтықтан оқытудың жаңа форматтары.docx
Мектептерде қашықтан оқыту
Мектептерде қашықтан оқыту.pdf
Балалардың жұмыс орнын дайындау бойынша кеңес
Рекомендации для родителей по организации рабочего места.pdf
Электронды оқулықтар https://mhelp.kz https://www.okulyk.kz
Добавлено: 
15.04.2020 - 05:00
Последние изменения: 
15.04.2020 - 05:00