Мүдде білдіру сауалы

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы ауқымында мемлекеттік - жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы «Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастыру мүмкіндігін қарау жөніндегі баламалы ұсыныстарын білдіруге әлеуетті әріптестерді тарту мақсатында мүдделерді білдіруге сұраныс жасайтындығын хабарлайды.
Жалпы орта, кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, мамандықтар бойынша мазмұны мемлекеттік білім беру стандарттарымен реттелетін кәсіптік қосымша білім беру Кәсіпорын қызметінің мәні.
Ұсыныстар 2019 жылғы 11 қарашаға дейін қабылданады. Мекен жайымыз: Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе облысы білім басқармасы» ММ-сі, Әбілқайыр даңғылы, 40, 534 каб., т. 54-83-53. e-mail: mr.kasa@mail.ru.