Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастарының жатақханадағы жағдайын жақсарту» үшінші бастамасы бойынша жатақхана құрылысын МЖӘ жобасы аясында жүзеге асыру

2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарындағы жатақханаларға талдау жасалынды.
Жалпы, облысымызда 44 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымы бар, соның ішінде 23 ұйым (18 мемлекеттік (9-қала, 9-ауыл), 5-жеке меншік) жатақханамен қамтылғандар.
Жүргізілген талдау нәтижесімен кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары үшін 1 960 орындық 7 жатақхана салу қажеттілігі анықталды.
Жатақхана құрылыстары кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарланды.
Жатақхана құрылысын жүзеге асыру жеке инвесторлар есебінен жүзеге асыру жоспарланған.
Қазіргі таңда, ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру Қағидасы және оларды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау Әдістемесі бекітілді.
Бекітілген Ережелерге сәйкес жатақхана құрылысын жеке инвестор қаражаты есебінен жүргізу қарастырылған және мемлекеттік тапсырыс орналастыру есебінен инвестор шығындары өтеледі.
Ағымдағы жылы, Білім басқармасымен Ақтөбе қаласында барлығы 612 орындық 3 студенттік жатақхана құрылысын жүзеге асыру үшін инвесторлар тарту бағытында шаралар ұйысдастырылды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Білім басқармасының және Қазақстан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының ресми сайттарына "Колледж студенттерін Ақтөбе қаласының жатақханаларындағы орындармен қамтамасыз ету" МЖӘ жобасын іске асыру бойынша қызығушылықты білдіретін сұраныс жарияланды.
Хабарлама нәтижесімен бірнеше жеке кәсікерлерден ұсыныс түсті.
ҚР мемлекеттік жекешелік әріптестік заңдылықтарына сәйкес 2019 жылдың 30 тамызында ықтимал жеке кәсіпкерлермен бәселекестік келіссөзі жүргізілді.
Келіссөзде әрбір кәсіпкердің ұсыныстары мен пікірлері, сын-ескертпелері тыңдалды.