«Birinshi Jastar Oiyndary» Ақтөбеде!

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 19-22 қыркүйек күндері аралығында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша «Birinshi Jastar Oiyndary» финалына облыстық іріктеу кезеңі Ақтөбе қаласының №55 және №72 орта мектептерінің базасында өтті. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры Нұрғалиева Жаңылсын Достанғалиқызы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, мемлекет басшысының жолдауында айтылған «Ел үміті» жобасының басталғандығын хабарлады. «Қазанғап» өнер мектебінің өнерпаздары, Новый орта мектебінің «Body flight» би ұжымы, №55 орта мектебінің «Жас Ұлан» балалар ұйымының көшбасшылары, «Нурали» әншілер тобы жарыстың ашылу салтанатында өнер көрсетті.
Ойындар салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беру жүйесіндегі субъектілердегі мектеп спорты мен спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне мемлекет пен қоғамның назарын аудару мақсатында өткізілді. Облыс бойынша Алға,Әйтеке би,Хромтау,Ырғыз,Қарғалы,Байғанин аудандарынан және Ақтөбе қаласының №6 ОМ, №10 ЖББОМ, №24 ЛМГ, №33 ОМ, №36 ОМ, №53 ОМ, №55 ЖББОМ, №56 ОМ, №60 ЖББОМ командаларынан 300-ден астам жасөспірімдер қатысты.
Іріктеу кезеңінде 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында волейбол, жеңіл атлетика, футзал, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар төрт күнге созылып, тартысты өтті.
Нәтижесінде, Волейбол жарысы бойынша:
І орын – Ақтөбе қаласы №60 ЖББОМ командасы, ІІ орын – Ақтөбе қаласы №24 ЛМГ командасы, ІІІ орын - №53 ОМ командасы иеленді.
Футзал жарысы бойынша:
І орын – Ақтөбе қаласы №6 ОМ командасы, ІІ орын – Әйтеке би ауданының командасы , ІІІ орын – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мектеп-интернаты және Байғанин ауданының командалары иеленді.
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша:
14-15 жас аралығыныда: І орын –Қуанышқалиев Асылхан №55 ЖББОМ оқушысы, ІІ орын – Турдалин Исламбек №56 ОМ оқушысы, ІІІ орын - Тұрақбай Әділет Хромтау ауданының оқушысы, Ғаббасов Сейітахмет №33 ОМ оқушысы марапатталды.
16-17 жас аралығында: І орын – Маликов Диас №56 ОМ оқушысы, ІІ орын – Сагидолиев Нұрым №31 ОМ оқушысы, ІІІ орын – Максутов Әділ №55 ЖББОМ оқушысы, ІІІ орын – Розенберг Даниил Хромтау ауданының оқушысы марапатталды.
Жеңіл атлетика жарысы бойынша:
60 метр қашықтыққа жүгіруден жүлделі І орын – Каратаева Наталья /Ақтөбе қаласы/, ІІ орын – Сотула Анастасия /Хромтау ауданы/, ІІІ орын - Чингизханова Мөлдір /Алға ауданы/ және Азанқұлова Аружан /Байғанин ауданы/ марапатталды.
100 метр қашықтыққа жүгіруден жүлделі І орын – Жумагазин Арстан /Қарғалы ауданы/, ІІ орын – Мұса Бауыржан /Ақтөбе қаласы/, ІІІ орын – Еңсепов Арсыланбек /Байғанин ауданы/ және Сагинбаев Азиз /Хромтау ауданы/ марапатталды.
Ұзындыққа секіруден жүлделі І орын – Махмутов Азамат /Ақтөбе қаласы/, ІІ орын - Өтемисов Ануар /Хромтау ауданы/, ІІІ орын - Темиргалиев Алдияр /Қарғалы ауданы/ және Рудометкин Данил /Ақтөбе қаласы/ марапатталды.
Тоғызқұмалақ жарысы бойынша:
Қыз балалардан жүлделі І орын – Аспантаева Жұлдыз /Қарғалы ауданы/, ІІ орын – Самат Томирис /Хромтау ауданы/, ІІІ орын – Сәдірғалиева Шұғыла /Ақтөбе қаласы/ және Маратова Дина /Байғанин ауданы/ марапатталды.
Ер балалардан жүлделі І орын – Серік Бекжан /Байғанин ауданы/, ІІ орын - Асылбеков Тілеген /Ақтөбе қаласы/, ІІІ орын – Кәдіржанов Ерасыл /Хромтау ауданы/ және Мұратқали Ернұр /Қарғалы ауданы/ марапатталды.
Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен түрлі дәрежедегі медальдармен және жарыстың бас демеушісі «Sulpak» сауда орталығы ұсынған смарт сағаттар, Bluеtooth құлаққаптар, фитнес браслеттер сияқты бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаз командалар қазан айында Щучинск қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды.Жеңімпаз спортшыларға сәттілік тілейміз!