"Колледж студенттерін Ақтөбе қаласының жатақханаларындағы орындармен қамтамасыз ету" МЖӘ жобасын іске асыру бойынша қызығушылықты білдіретін сұраныс

Ақтөбе облысы әкімдігінің "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ "Колледж студенттерін Ақтөбе қаласының жатақханаларындағы орындармен қамтамасыз ету" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын (бұдан әрі – жоба) дайындау басталғанын хабарлайды және әлеуетті жеке әріптестерді жобаны және жобаны іске асыру нұсқаларын талқылауға шақырады.
Жобамен Ақтөбе қаласының колледждерінің 500-ден кем емес білім алушылары үшін студенттік жатақханалар салу және/немесе жұмыс істеп тұрған ғимараттарды қайта жаңарту, сондай-ақ оларды пайдалану жолымен жатақханадағы орындармен қамтамасыз ету болжанып отыр.
1. Жобаның мақсаты:
Ақтөбе қаласында колледж студенттерінің жатақханалардағы орындарға қажеттілігін төмендету, сондай-ақ студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту.
2. Жобаның негізгі параметрлері мен талаптары:
1) жобаны іске асыру орны-Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы;
2) іске асыру кезеңі: 2019-2027жж., оның ішінде 2019 жылдың соңына дейін пайдалануға беру, пайдалану кезеңі-кемінде 96 ай;
3) жатақхана қуаты-500 орыннан кем емес;
4) тұрғын бөлмелерден басқа коммерциялық үй-жайлардың болуы-рұқсат етіледі;
5) бюджеттен болжанатын төлемдер:
- республикалық: студенттерді, магистранттарды, докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс (жатақхана құрылысы кезінде 122 АЕК, ғимаратты жатақхана етіп қайта жаңарту кезінде 47 АЕК));
- жергілікті: төлемсіз;
6) мемлекеттік қолдау шарасы - МЖӘ шартында белгіленген талаптарға сәйкес қызметтердің кепілдік берілген көлемін тұтыну.
7) жатақханада жаңа орындарды пайдалануға беру және кемінде 20 (жиырма) жыл мерзімге жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығын тіркеу;
8) ҚР қолданыстағы санитарлық, Құрылыс және өрт нормаларына сәйкестігі.
Қызығушылықтарды білдіретін ұсыныстар 2019ж. 12 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Толық ақпаратты "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ, Ақтөбе қаласы, Абылхайыр хана даңғылы, 40, 538-бөлемден алуға болады. Байланыс телефоны: 8 (7132) 55-11-38, 56-04-66, email: 550345@bk.ru