Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурс мәні:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар үшін 2019/2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.
Білім беру бағдарламалары топтары бойынша Ақтөбе облысына 180 білім беру гранты бөлінді: педагогикалық ғылымдар – 139, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы мен биоресурстар – 41.
Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады.
Конкурс ұйымдастырушысы:
Ақтөбе облысының әкімдігі
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ
Пошталық мекенжайы: 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 540 кабинет
Байланыс телефондары: 8 (7132) 55-06-53, 55-17-92.
Конкурс туралы ақпарат:
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген (2016 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде №13418 тіркелген) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына, ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы №231 (2018 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде №17038 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Конкурстық өтінім келесі құжаттардан тұруы қажет:
1. Жоғары оқу орнының өтінімі (5-қосымша)
2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы (6-қосымша)
3. Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы және 2019-2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар (7, 8 -қосымша).
Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.
Электрондық нұсқасы bati_70@mail.ru электронды мекенжайына жолдану қажет.
Конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі аяқталғаннан кейін түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конвертте мына мекенжайға жолданады: 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 540 кабинет.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 26-30 шілде аралығында сағат 18.30-ға дейін.