Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурс мәні:
Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде 2019-2020 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 6В09 Ветеринария, 6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар, 6R07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 6В01 Педагогикалық ғылымдар, 6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), 7R09 Денсаулық сақтау (медицина, резидентура) жергілікті бюджет қаражаты есебінен.
Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады.
Конкурс ұйымдастырушысы:
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысының білім басқармасы
Пошталық мекенжайы: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, №548 кабинет
Байланыс телефондары: 8 (71-32) 56-04-61, 56-44-21
Конкурс туралы ақпарат:
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген (2016 жылы 9 наурызда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №13418 тіркелген) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына, ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы №231 (2018 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №17038 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Конкурстық өтінім келесі құжаттардан тұруы қажет:
1. Жоғары оқу орнының өтінімі (5-қосымша)
2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы (6-қосымша)
3. Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы және 2019-2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар (7, 8 -қосымша).
Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.
Электрондық нұсқасын g.kalieva_88@mail.ru электронды мекенжайына жолдау қажет.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі аяқталғаннан кейін түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конверттерде мына мекенжайға жіберіледі: 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, №548 кабинет
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 26-30 шілде аралығында сағат 18.30-ға дейін.