Мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық үлесті дамыту мәселесі

«Қарапайым заттар экономикасын» аясында тауарларды мемлекеттік сатып алуда отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында 2019 жылдың 12 шілдесі күні Білім басқармасының инвестициялық жобалар және материалды-техникалық базамен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Семинарға білім беру ұйымдарының мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандары қатысты. Семинарға қатысушыларға Индустриалды-инновациялық даму басқармасының қызметкері М.Қосмамбетова отандық тауар өндірушілер үлесі, оны дамытуға әсер етуші факторлар жөнінде түсіндірме берілді.
Семинар соңы сұрақ-жауаппен жалғасты.