ХАБАРЛАМА Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру

20.02.2019ж.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 62 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды
даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия құру туралы» бұйрығымен бекітілген.
Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ атынан Л.А.Уразбаева техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысты техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру оқу орындары арасында орналастырады.
Қатысуға өтініш берген меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары конкурсқа қатысу үшін құжаттар топтамасын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының келесі мекенжайларда орналасқан бөлімдеріне ұсынады:
· «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Ақтөбе қаласының № 1 бөлімі, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі №109 үй,
· «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Ақтөбе қаласының № 2 бөлімі, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, №249 үй (Халықтық кеңсе ғимараты).
· «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Ақтөбе қаласының № 3 бөлімі, Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылы, 60 лет октября көшесі, №70Б үй (ЕХРО ғимараты)
Білім беру ұйымдары Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығының 9 – тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген барлық қатысушылар 2019 жылдың 26 ақпанымен (сағат 9:00-20:00) 27 ақпан (сағат 9:00-15:00) аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар топтамасын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының жоғарыда көрсетілген мекен-жайларына ұсынады.
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім білім басқармасының интернет-ресурстарында жарияланады.
Комиссия отырысы оның төрағасы бекiткен жоспар бойынша өткiзiледi және егер оның мүшелерінің жалпы санының 2/3-інен астамы қатысса, заңды деп есептеледi.
Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссия құрамының даусы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес мынадай негізгі өлшемшарттарды, сондай-ақ мынадай растайтын ақпаратты басшылыққа алады:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;
2) өндірістік оқыту мен практикадан өту туралы кәсіпорындармен шарттардың болуы;
3) жұмысқа орналасқан бітірушілер үлесі - жалпы бітірушілер санынан кемінде 60% болуы.