Хабарландыру Қорғаншылық кеңес құру туралы

11.02.2019 ж.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 13 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы ашылды. Осыған сәйкес, «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында Қорғаншылық кеңес құрылады.
Шақырылады: жергілікті өкілдер, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, қайырымдылық жасаушылар.
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес ұсыныстарыңызды қабылдаймыз.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қабылдау телефоны: 8(7132) 90-80-98, 87053787696
Мекеме директоры:Текешов Өмірбек Нұрғызыұлы