Баспасөз-ақпарат

15.07.2019 – Баспасөз хабарламасы
Ақтөбе облысы әкімдігінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулы жобасының
БАСПА – РЕЛИЗІ
Жалпы сомасына 80575,0 мың т. ( 100 орын – 29140,0 мың т.; 180 орын -51435 ,0 мың т.), 44 мамандық бойынша, 280 талапкерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жоспарланып отыр.
http://bilim.aktobe.gov.kz/ru сайтында орналастырылды.
Тікелей сілтеме: http://bilim.aktobe.gov.kz/ru/node/63564
31.05.2019Ж.
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бейне материал
01.03.2019 – Баспасөз хабарламасы
Ақтөбе облысы әкімдігінің «2019-2020 оқу жылына
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» қаулы жобасыны
БАСПА – РЕЛИЗІ
Жалпы сомасына - 862,2 млн.т., 97 мамандық бойынша, 9381 оқушыға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жоспарланып отыр.
http://bilim.aktobe.gov.kz/ru сайтында орналастырылды.
Тікелей сілтеме: http://bilim.aktobe.gov.kz/kk/node/66580
21.01.2019 – Баспасөз хабарламасы
«Ақтөбе облысы әкімдігінің «Отбасы және балалар
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулы жобасына
БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №684 «Отбасы және балалар саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес «Ақтөбе облысы әкімдігінің «Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді.
Осылайша, «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру» және «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» регламенттері «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» регламенті болып біріктірілді. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу», «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра рәсімдеу үшін анықтамалар беру», «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап- бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау», «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау», «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою», «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау», «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерінде көрсетілетін қызмет мерзімдері өзгертілді.
«Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті енгізілді.
http://bilim.aktobe.gov.kz/ru сайтында орналастырылды.
Тікелей сілтеме: http://bilim.aktobe.gov.kz/kk/node/66580
18.01.2019 – Баспасөз хабарламасы
Ақтөбе облысы әкімдігінің «2019-2020 оқу жылына
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулы жобасыны
БАСПА – РЕЛИЗІ
Жалпы сомасына - 862,2 млн.т., 97 мамандық бойынша, 9381 оқушыға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жоспарланып отыр.
http://bilim.aktobe.gov.kz/ru сайтында орналастырылды.
Тікелей сілтеме: http://bilim.aktobe.gov.kz/kk/node/66580
14.01.2019 – Баспасөз хабарламасы
«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 167 «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қыркүйегіндегі №462 «арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 167 «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді.
Осылайша, «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық - медициналық - педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету», «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау», «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерінде көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініштерді қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне үйде жеке тегін оқытуға қабылдау туралы бұйрық енгізілген.
http://bilim.aktobe.gov.kz/ru сайтында орналастырылды.
Тікелей сілтеме: http://bilim.aktobe.gov.kz/kk/node/66580