«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІІІ республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

Астана қаласында 2019 жылдың 7-9 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінен 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІІІ республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданың басты мақсаты - лингвистика жағынан және мемлекеттік тілді зияткерлік, рухани дамудың жолы деп меңгеруге қызығушылық танытқан дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау.
Ақтөбе облысынан олимпиадаға 3 оқушы іріктеу турынан өтіп, келесі кезеңге шақырылды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 2 оқушы жүлделі орын, 1 оқушы мақтау қағазына ие болды.
І дәрежелі дипломмен Шахмаров Тугай Алға ауданы Үшқұдық мектеп-балабақшасының 10 класс оқушысы;
ІІІ дәрежелі дипломмен Арафов Батыр Ақтөбе қаласы №19 орта мектебінің 9 класс оқушысы;
Мақтау қағазымен Иванец Людмила Хромтау ауданы Табантал орта мектебінің 9 класс оқушысы