Облыстық «Тәуелсіздік және Елбасы» тақырыбында мектеп жасына дейінгі балалардың мәнерлеп оқудан сырттай байқауы туралы АҚПАРАТ

2018 жылғы 8-28 қараша аралығында «Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми - тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Тәуелсіздік және Елбасы» тақырыбында балалардың мәнерлеп оқудан сырттай байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты мектеп жасына дейінгі балалар бойына көркемсөз арқылы туған еліне мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін ұялату, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Сырттай байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың бүлдіршіндері мәнерлеп оқыған шығармаларын видеоға түсіріп жіберді.
Бүгін, 30 қараша күні сырттай байқау нәтижесі видеоматериалдар негізінде қорытындыланды.
Облыстық сырттай байқауда балапандар балдай тәтті тілдерімен өлеңдер оқып, белсенділік танытты.
Байқауының жеңімпаздары
Бас жүлде
Сұлтанаев Нұрасыл Ерланұлы - Шалқар ауданы «Еркемай» бөбекжай-бақшасының 6 жастағы тәрбиеленушісі.
І орын иегері:
Ажибаева Аида Радиковна - Ақтөбе қаласы №29 «Арай» МДҰ-ның 5 жастағы тәрбиеленушісі.
ІІ орын иегері:
Есенов Нұрсейт - Ойыл ауданы Екпетал мектеп – балабақшасының 4 жастағы тәрбиеленушісі.
ІІІ орын иегері:
Бөкенбай Ақерке Айболатқызы - Ақтөбе қаласы №1 «Гүлдер» МДҰ-ның 6 жастағы тәрбиеленушісі.
«Ең көркем орындаушы» номинациясымен:
1. Ибадуллаева Кәусар Дастанқызы - Байғанин ауданы №2 Қарауылкелді орта мектебінің МАД тобының 5 жастағы тәрбиеленушісі;
2. Харченко Карина - Қобда ауданы, Қобда орта мектебінің 5 жастағы тәрбиеленушісі.
«Ең сүйкімді орындаушы» номинациясымен:
Атабаева Альбина Ерболатовна - Хромтау ауданы №7 «Еркетай» ББ-ның 5 жастағы тәрбиеленушісі.
«Ең шынайы орындаушы» номинациясымен:
Боранкулов Рахат - Ақтөбе қаласы ТОО «Айналайын» МДҰ-ның 5 жастағы тәрбиеленушісі.
Жеңімпаз бүлдіршіндерді жеңістерімен құттықтаймыз!