«ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ӨМІР» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Ақтөбе – Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында және аталған екі мекеменің жалпы білім беретін мектеп оқушылары, техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары және педагогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы 2018-2019 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылдың 6-қарашасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-10 класс оқушылары және техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс білім алушылары арасында «Жемқорлықсыз өмір» атты облыстық үздік бейнероликтер сырттай байқауы өткізілді.
Байқау талаптары бойынша қазылар алқасының назарына ұзақтығы 3-4 минуттан аспайтын білім алушылардың қолжетімді құралдармен түсірілген жеке шығармашылық бейне роликтері ұсынылды. Қазылар алқасы бейнероликте тақырыптың қоғамдағы әлеуметтік өзектілігі бейнеленген, шығармашылық жаңалығы бар, эстетика жағынан көркемделген жұмыстарды ерекше атады.
Мектеп оқушылары мен техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату және Отанына деген сүйіспеншілігін, қоғамдағы жауапкершілігін арттыру мақсатындағы байқауға облыс бойынша 37 жұмыс қабылданды. Байқау қорытындысы бойынша:
Жеке жұмыстар бойынша
І орын - Төреханұлы Ерхан - Ойыл ауданы, Ш.Бекмұхамбетова МГ, 5 класс;
ІІ орын - Сағынбаева Камшат - Ойыл ауданы, Ж.Жүсібалиев ОМ, 9 класс.
ІІІ орын - Артеков Қадыр - Ойыл ауданы, Ж.Жүсібалиев ОМ, 8 класс;
ІІІ орын - Двисова Махаббат - Ақтөбе қаласы, №29 ОМ, 10 класс;
ІІІ орын - Жумина Аягөз, Нұрланова Аружан - Ақтөбе қаласы, №64 ОМ, 11 класс;
Топтық жұмыстар бойынша
І орын - 10 «А» класс оқушылары - «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты»;
ІІ орын - 8 класс оқушылары - Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, №4 ОМ;
ІІ орын - 9 «Б» класс оқушылары - Ақтөбе қаласы, №20 ОМЛ;
ІІІ орын - 10 «А» класс оқушылары - Шалқар ауданы, №5 мектеп-лицей;
ІІІ орын - 8 «А» класс оқушылары - Ақтөбе қаласы, №25 ОМ;
ІІІ орын - КГОЭ-102 - Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі, 1 курс.
Мақтау қағазына ие болған:
1) Ходос Рустам - Ақтөбе қаласы, №64 ОМ, 7 класс;
2) Ерикова Аяулым - «Ақтөбе орта мектебі» КММ, 5 класс;
3) Құлмағамбетова Айназ - Мұғалжар ауданы, Қ.Жұбанова ат.ЖББОМ, 7 класс;
4) 8-10 класс оқушылары - Ақтөбе қаласы, №8 ОМ;
5) 10 класс оқушылары - М.Құсайынов атындағы АОДБАММИ;
6) 8 «Ә» класс оқушылары - Шалқар ауданы, №2 мектеп- гимназиясы;
7) 9-11 класс оқушылары - Ақтөбе қаласы, №31 ОМ.