Облыстық «Теңге балалардың көзімен» балалар суретінің ашық конкурсы жеңімпаздары марапатталды

Облыстық «Теңге балалардың көзімен» балалар суретінің ашық конкурсы жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалы 2018 жылғы 5 қарашада Ақтөбе облысының білім басқармасы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының қолдауымен Ұлттық валюта – Теңгенің 25 жылдығы шеңберінде «Теңге балалардың көзімен» балалар суретінің ашық конкурсын өткізді. Конкурс қорытындысы бойынша балалар марапатталды.
Конкурстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ішінде Ұлттық Банктің Банкнот фабрикасы мен Қазақстан теңге сарайының қызметін танымал ету, балалардың білім деңгейін арттыру болып табылады.
Конкурсқа Ақтөбе облысының аумағында тұратын 6 жастан бастап 14 жас аралығындағы балалар қатысты. 100-ден астам оқушылар өз жұмысын ұсынды. Конкурс жеңімпаздары 6-дан 10 және 11-ден 14 жас аралығындағы топтарға бөлінді. Балалар Ұлттық Банк монеталарымен, ақшалай және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ҚРҰБ Ақтөбе филиалының директоры тағайындаған атаулы сыйлықтар үш балаға табыс етілді.
Іс-шарада жас суретшілердің үздік туындыларының галереясы ұсынылды. Сондай-ақ шараға қатысушылар Ақтөбе филиалының мұражайын тамашалады.