Елбасы жолдауының жоспары және орындалуы туралы ақпарат

2019 жылғы 2 қыркүйектегі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын
жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 55-тармағының орындалуы бойынша мәлімет
Ауыл балаларының жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға қатысуы жылдан жылға өсуде, оны соңғы 3 жыл қорытындысы бойынша байқауға болады: 2017 жылы- 384 қатысушы, 112 жеңімпаз; 2018 жылы-408 қатысушы, 147 жеңімпаз, 2019 жылы – 418 қатысушы, 145 жеңімпаз. Сонымен қатар ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы әдеби және музыкалық бағыттағы 36 шараға 2018-2019 оқу жылында 1172 оқушы қатысып, 394 - і жүлдегер атанды, 188 оқушы мақтау қағаз иеленді. Олардың ішінде Абай, Шәкәрім, Махамбет, Мақатаев, Жансүгіров, Қадір, Мағжан, Әбіш оқулары, көркемсөз оқу (поэзия, проза драма), түрлі тақырыптарда шығарма жазу, ақындар айтысы шаралары бар.
2018-2019 оқу жылы ауыл мектептерінен облыстық Спартакиадаға 788 оқушы қатысып, 210-ы жеңімпаз атанды. Ал дарынды балалармен жұмыс жасайтын ауыл мектептерінің республикалық байқауларға қатысқан 15 мұғалімінің 13-і жеңімпаз атанды. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы тарапынан аудандарға көшпелі «Дарын күні» шарасы ұйымдастырылып, оған әр ауданның 80% оқушылары мен мұғалімдері қамтылып келеді.
ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының «Ел үміті» әлеуметтік бастамасын іске асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан шығарылған ережелер негізінде «Мың бала» интеллектуалдық олимпиадасы, «Елбасы Медалі» жобалары жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда «Мың бала» ұлттық олимпиаданың ережесіне сәйкес І кезең талабы бойынша Ақтөбе облысының 282 ауыл мектебінен 1 және 2-тоқсандар қорытындысы бойынша «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша үлгерім сараланып, 200 оқушы ІІ кезеңге іріктелді.
«Ел үміті» Жол картасын жүзеге асыру үшін қажетті шараларды өткізуге 79 млн теңге қаражат бөлінді.
Елбасы Жолдауының орындау бойынша жоспары
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Қазақстан халқына Жолдауын 8.10.2018 ж. Шығармашылық Академиясында талқылау отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Танатқызы Каринованың қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Қазақстан халқына жолдауын талқылау отырысы өтті.
Отырыс барысында Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Л.Уразбаева Жолдауда басымдық берілген өзекті мәселелер – білім беру сапасы, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі, мұғалімнің оқу жүктемесін азайту, балалар қауіпсіздігі, балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету, мектеп психологтарының жұмысын күшейту, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында мектептерді жою облыста атқарылып жатқан шаралар және болашаққа жоспарланған міндеттер туралы баяндады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Танатқызы Каринова облыс педагогтарының біліктілік санаттары, шағын жинақты мектептердегі оқыту, мектеп алды даярлық сыныбы мұғалімдерінің жүктемесі, жаңа буын оқулықтары, мұғалімдердің апталық жүктемесі туралы сұрақтарға жауап берді.
Жолдауды талқылау отырысына қатысқандар: 400 адам - Ақтөбе қалалық, аудандық білім бөлімінің басшылары, жалпы және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мектеп- интернаттардың басшылары.
Добавлено: 
11.10.2018 - 05:00
Последние изменения: 
11.10.2018 - 05:00