Мемлекеттік бағдарламалар

10.10.2018ж.
Білім беру саласында, оның ішінде 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы
2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында 4 мақсатты индикаторлар мен 31 көрсеткіштерді орындау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Өткен жылы барлық 4 мақсатты индикаторлар мен 29 (31) көрсеткіштер орындалды.
Облыста 545 мектепке дейінгі ұйым (2017 ж. - 535) қызмет жасайды, оған 49 090 тәрбиеленуші барады.1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту – 69,4% (РК – 66,1%) (2017 ж – 65%), оның ішінде 3-6 жас аралығында – 96% (ҚР – 90,5%) өткен жылға қарағанда 2,7%-ға жоғары.
2018-2019 оқу жылының басына 399 орта мектеп жұмыс жасауда.
Жыл соңына дейін 15 жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Нәтижесінде 2 апатты мектеп, 4 ескі мектеп, 14 үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі және 2 мектептегі орын тапшылығы азаяды.
2018 жылы облыстық бюджеттен 1700 компьютер және 520 аппарат кешенін сатып алуға 587,9 млн. теңге бөлінді. Жабдықтарды жеткізу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Облыс мектептерінің 60%-ында (242 мектепте) жылдамдықты 4-тен 12-16 Мбит/с дейін жоғарылатуға қажетті қаражат есептеліп, бюджеттік өтінім бойынша қосымша 122,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта облыста ерекше білімге қажеттіліктері бар 5652 бала бар, олардың ішіндегі 3-18 жасқа дейінгі балалар саны – 5525.
Ағымдағы жылы № 2 Ақтөбе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, ерекше білімге қажеттіліктері бар балаларға арналған облыстық арнаулы түзетім балабақшасы өз жұмысын бастады. Аталған ұйымдарды ұстауға және материалды техникалық базасын нығайтуға 26,1 млн. теңге бөлініп, 4,5 млн.теңге қаражат игерілді.
Осы жылдың 1 қыркүйегінен Ырғыз ауданында психологиялық-педагогикалық түзетім кабинеті ашылды.
Алға ауданының Бестамақ ауылында ерекше балаларға арналған «Күншуақ» балалар сауықтыру лагері ашылып, онда 3 ауысымда 241 бала демалды.
Облыстағы 49 қосымша білім беру ұйымдары, мектептегі үйірмелерге және 29 спорттық мектептерге 115 мың 82% оқушы қамтылған. Жалпы білім беретін мектептердегі спорттық секциялармен қамтылуы 28%.Колледждерде 272 спорт секциясы жұмыс істейді, 21182 жалпы контингентінен 12990 (61%) студент қамтылған.
3D модельдеу, сәулет, дизайн, анимация, web-сайт құру бағдарламалары бойынша білім беретін 23 ІТ класс ашылды, оның 8-і Ақтөбе қаласында, 14-і аудандарда.
Облыс мектептері 24 3D принтер, 27 робот техникасы және 28 ультрақысқафокусты проектормен, жабдықталды.
177 спорт-ойын алаңы іске қосылды.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы