Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік білім беру
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту үшін кәсіптік бағдарлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілді.
Облыста техникалық және кәсіптік білім беруді 24 805 (сырттай бөлім - 5484 ) контингенті бар 43 колледж (26 – мемлекеттік, 17– жеке) жүзеге асырады.
Кадрларды даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие 97 мамандық пен 159 біліктілік бойынша жүргізіледі.
Соңғы үш жылдағы түлектер динамикасынан қарастырсақ (педагогикалық мамандықсыз), түлектер санында алдыңғы екі жылда өсім болса, биылғы жылы керісінше 7 пайызға төмендеген.
Анықтама үшін:
Түлектер саны: - 2017 жыл - 6008 студент
- 2018 жыл - 6255 студент.
2019 жыл - 5836 студент.
Сонымен қатар соңғы 3 жылда оқуға қабылданғандар санында да бітірушілермен салыстырғанда 700-1000 студенттің аралығында өсім бар.
Анықтама үшін: Қабылданған студенттер саны: - 2017 жыл - 6318 студент (мемлекеттік тапсырыс бойынша: 5069 адам)
- 2018 жыл - 6192 студент (мемлекеттік тапсырыс бойынша: 4470 адам)
- 2019 жыл - 6243 студент (мемлекеттік тапсырыс бойынша: 4416 адам). Мемлекеттік тапсырыс саны:
- 2017 жыл жоспар - 5110 студент (қабылданғаны: 5110 адам)
- 2018 жыл жоспар - 5066 студент (қабылданғаны: 4970 адам. Орындалмағаны - 96).
-2019 жыл жоспар – 4755 студент (қабылданғаны: 4416 адам. Орындалмағаны - 339).
Колледж бітірушілердің жұмысқа орналасу коэффициенті тұрақты артып келеді. Мұндай оң динамикаға жұмыс берушілермен өзара әрекеттестікті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар, еңбек нарығының сұраныстарындағы өзгерістерге сәйкес мамандар даярлау арқылы қол жеткізіліп отыр.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың 4 жылында мамандарды даярлау жүйесіндегі әлеуметтік әріптестіктің рөлі артты. Дуальды оқытуды енгізген колледждердің үлесі 62,8% құрайды
ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдануда. 2018 жылы МТБ жарақтандыруға 170 млн.теңге бөлінді, сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты тартылды. 2019 жылы аталған көрсеткіш 27% құрайды.
Добавлено: 
10.10.2018 - 05:00
Последние изменения: 
15.04.2020 - 05:00