Арнайы білім беру мекемелері, балалар үйлері

Инклюзивтік білім беру
111 (30,5%) балабақшада және 282 (70,1%) жалпы білім беретін мектептерде инклюзивтік білім беруге жағдай жасалған.
Облыста 6370 білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиеленеді. 2016-2019 жылдары ерекше балалар баратын балабақшалардың саны артты:
2016 жылы – 56;
2017 жылы – 70;
2018 жылы – 78;
2019 жылы – 116.
92 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткен, оның ішінде:
2016 жылы – 24;
2017 жылы – 21;
2018 жылы – 26;
2019 жылы – 21.
Нәтижесінде 113 балабақшада арнайы дайындалған мамандар қызмет етеді (75 маманда дефектологиялық білімі бар, 123 маман инклюзивтік білім беру мәселесі бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен).
Ерекше балаларды қолайлы бейімдеу мен әлеуметтендіру үшін біліктілікті мамандар тарапынан ерте жастан үздіксіз психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қажет. Осы мақсатта 2018 жылы Ақтөбе қаласында арнайы түзетім балабақша ашылды. Балабақшамен бұрын арнайы көмекпен қамтылмаған мектепке дейінгі жастағы аутизмі бар, тірек-қимыл аппаратының бұзылысымен, психикалық дамуы тежелген, интеллект, тіл бұзылыстары бар, Даун синдромымен барлығы 200-ден астам балалар қамтылды.
Балабақшаның кадр құрамы арнайы педагогтармен, дефектологтармен, логопедтермен, соның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша оқыған Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің түлектерімен қамтылды. Балабақшаға қажетті заманауи құралдар алынды, Монтессори кабинеті және ойын бөлмелері ашылды, бассейн жұмысы ұйымдастырылды.
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттердің желісін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді. 2016-2019 жылдары облыста 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері ашылды. Облыстың барлық 14 түзеу кабинетінде 848 ерекше бала қамтылды.
147 балабақшада «Кедергісіз қолжетімділік» құрылған.
Инклюзивтік білім беруді дамыту мәселесінің шешімі жалпы білім беру мектептерінде инклюзивтік ресурстық кабинеттерді ашу болып табылады. «Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен 2018 және 2019 жылдары Ақтөбе қаласының №1,3,16,19 ОМ-де ресурстық кабинеттер ашылды. 2019 жылы «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен Ақтөбе қаласының №26 және 29 ОМ-де инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша ресурстық кабинеттер ашылды.
2018 жылы №2 Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылды. Бұл кезеңде кадрлармен қамту, мекемені материалдық-техникалық жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Көптеген жылдар білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларды жазғы демалыспен қамту мәселесі өте өзекті болды. «Бакытты бала» жобасы аясында жалпы Қазақстанда алғашқы рет бірегей «Күншуақ» балалар сауықтыру лагері ашылды. «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының қолдауымен лагерь аумағында ойын, спорттық және инклюзивтік алаңдары салынды, Монтессори кабинетіне, сенсорлық бөлмеге, жұмсақ және ойын аймақтарға қажетті құралдар алынды.
282 мектепте арнайы дайындалған мамандар қызмет етуде (97 маманда дефектологиялық білімі бар, 428 маман инклюзивтік білім беру мәселесі бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен).
2016-2019 жылдары білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға 9747 дана оқу-әдістемелік құралдар алынды. Өткен кезеңде ерекше балаларға ОӘҚ алу үшін бюджеттен 35,4 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді:
2016 жылы – 11,6 млн;
2017 жылы – 4,6 млн;
2018 жылы – 6,0 млн;
2019 жылы – 13,2 млн.
Қазіргі таңда ерекше балалармен жұмыс жасау бойынша оқу-әдістемелік құралдар 284 мектепте қолданылуда.
2018 жылы «Бақытты бала» жобасы аясында облыстың 38 мектептерінде санитарлық нормаларға сәйкес келетін пандустар құрылды. «Кедергісіз қолжетімділік» 287 жалпы білім беретін мектептерде жасалған.
Арнайы білім беру мекемелерінің және балалар үйлерінің желісі
Түзетім білім беру ұйымдарының желісі
Добавлено: 
10.10.2018 - 05:00
Последние изменения: 
15.04.2020 - 05:00