Қосымша білім беру

Қосымша білім беру
Жасөспірімдер мен балалардың шығармашылық дамуына, демалыстарын ұйымдастыруына, мәдени-эстетикалық дамуына қолжетімділігі мен дене шынықтырудың сауықтыруына Ақтөбе облыстық білім басқармасы үлкен көңіл бөледі.
Бүгінгі күні облыста 47 қосымша білім беру ұйымы және 11 қала сыртындағы лагерь жұмыс жасайды. Қамтылған оқушы саны 50028 (оқушылардың 35,6 пайызын қамтиды). Оның ішінде оқушылар сарайы-2, оқушылар үйі-6,шығармашылық орталық-3,жас туристер-1, жас техник-2,жас натуралистер -1,музыка мектебі-11, өнер мектебі-5, көркем сурет -4,жасұшқыштар мектебі-1,аула клубы-8,өнер мектебі- 6,Шығармашылық Академиясы -1
Аула клубында 6103 оқушы қамтылған , оның 4250 оқушысы спорттық секцияға қатысады.(68,5%)
Жас туристер станциясына 720 оқушы қатысады,негізгі бағыты турист болып табылады.