Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие
Мектепке дейінгі білім беруде қамту 3 жастан 6 жасқа дейін 12,1%-ға артып, 100% - ге жетті (2015 ж. – 87,9%). Балабақша желісі 99 бірлікке артты (2019 жылы-366 бірлік, 2015 жылы – 267 бірлік). Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың саны 4 есеге (+103 бірлік) өсті.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында 15 466 орынға арналған 140 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді.
Желі жеке меншік секторды дамыту, жаңа объектілерді енгізу, шағын орталықтарды мектепке дейінгі ұйымға қайта құру есебінен кеңейтілді.
Облыста 45018 контингенті бар 533 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды.
Анықтама үшін: оның ішінде 366-сы (контингент - 40497) –балабақша, 167-сі (4521)– шағын орталық. 138 (контингент– 14569) балабақша жекеменшік. 167 шағын орталықтың 19-і (330 бала) толық күн қатысуымен, 148-сы (4191) толық емес күн тәртібімен жұмыс жасайды.
Балаларды ерте дамыту бағдарламасы енгізілді, ерте жастан қамту мектепке дейінгі ұйымдардың Жарғысына енгізілмегендіктен, өзгерістер мен толықтырулар жасалуда.
Анықтама үшін:
2016 жылы 4655 орындық 41 МДҰ ашылды, оның ішінде Ақтөбе қаласында 2666 орындық 30 МДҰ, Алға ауданында 284 орындық 2 МДҰ, Байғанин ауданында 50 орындық 1 МДҰ, Ырғыз ауданында 150 орындық 1 МДҰ, Мәртөк ауданында 200 орындық 1 МДҰ, Мұғалжар ауданында 300 орындық 2 МДҰ, Шалқар ауданында 305 орындық з МДҰ.
2017 жылы 3436 орындық 34 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде Ақтбе қаласында 2201 орындық 20 МДҰ, Алға ауданында 62 орындық 2 МДҰ, Әйтеке би ауданында 108 орындық 1 МДҰ, Байғанин ауданында 150 орындық 2 МДҰ, Ырғыз ауданында 150 орындық 1 МДҰ, Қобда ауданында 50 орындық 1 МДҰ, Мәртөк ауданында 190 орындық 3 МДҰ, Мұғалжар ауданында 250 орындық 2 МДҰ, Темір ауданында 250 орындық 1 МДҰ, Хромтау ауданында 25 орындық 1 МДҰ.
2018 жылы 5313 орынға арналған 44 МДҰ ашылды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 180 орындық ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) балабақша ашылды.
2019 жылы 2062 орынға арналған 21 МДҰ ашылды, оның ішінде 1892 орындық 19 жеке меншік балабақша.
Темір ауданында жеке тұрған коммуналдық меншіктегі балабақшалардың ғимараттарын босату есебінен 140 орындық мемлекеттік балабақша ашылды (бұрын ғимарат мектеп болған). Алға ауданында жалпы білім беретін мектеп жанынан 30 орындық 1 шағын орталық ашылды.
Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарындағы 3794 педагогикалық қызметкердің 2758-нің /72,2%/ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және орта арнаулы білім бар (2015 ж. – 55,5%).
5-6 жастағы 34927 тәрбиеленушінің 29687-нің (80%) дағдысы мен машығы жоғары және орта деңгейде.
Осылайша облыста сәби жастағы балаларға білім және тәрбие алуға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін динамикалы іс-қимылдар жүргізілуде.
Добавлено: 
10.10.2018 - 05:00
Последние изменения: 
15.04.2020 - 05:00