Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі

Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі
1
Мулдашев Биржан Есентаевич
бөлім басшысы
534
56-35-68, 55-06-54
2
Алматова Ақбала Жанғабылқызы
бас маман-заңгер
534
54-83-53
3
Бегимова Мейрамгүл Төлеуғазықызы
бас маман
534
55-06-54
Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің
Е Р Е Ж Е С І
1.Жалпы ережелер
1.1.Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі (әрі қарай бөлім) «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің (әрі қарай басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін басқарма басшысының экономика және қаржы мәселелері бойынша орынбасарының басшылығында атқарады.
1.2. Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
2.Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімнің негізгі міндеттері,
функциялары мен құқықтары
2.1. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:
· Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу, басқарманың басшылығын және өзге де мүдделі тұлғаларды мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы туралы толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.
· Бөлім жұмысын жоспарлайды, бөлімге жүктелген міндеттерді сапалы және тиімді орындауға бағытталған басқарушылық функцияларды жүзеге асырады;
· міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке жоспардың орындалуына;
· құжаттарды уақтылы және дұрыс ресімдеуге, жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылау жүргізеді;
· төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес қаражатты дұрыс, мақсатты жұмсауға бақылау жүргізеді;
· еңбекақы мен өзге де ақшалай төлемдерді дұрыс есептеу мен белгіленген мерзімде төлеуді, салық пен міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы аударылуын қамтамасыз етеді;
Бөлімге жүктелген міндеттемелерді уақытылы және сапалы орындау мақсатында бөлім құқылы:
2.2.Жергілікті бюджеттер бойынша ағымдағы есеп – шоттар ашады және үйлестіруге.
2.3. Ақша қаражаттарының түсуіне, тауарлық – материалдық құндылықтардың түсулеріне есеп жүргізуге;.
2.4. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы айлық, тоқсандық, жылдық есептер қабылдауға және тексеруге;
2.5. Дебиторлық және кредиторлық бережақтар бойынша есептер жасайға.
2.6. Бухгалтерлік есептерді жүргізу мәселелері бойынша семинарлар өткізуге.
2.7. Жиынтық есеп берулерді жасауға.
2.8. Аппарат, мектеп – интернаттар, колледждер бойынша есептер және бас кітабын жүргізуге.
2.9. Патронаттық тәрбие құжаттарын ереже бойынша түгелдеп, тиісті қаражатты белгілеуге;
2.10. Жол картасы бойынша бюджеттен түскен қаражатты төлеуге және есебін алуға;
2.11. Ақылы қызметтермен қайырымдылық қорына мекеме бойынша есебін жасау №5-20 үлгімен тексеріп жиынтық есебін жүргізуге;
2.12. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нығаюына және күрделі, ағымдағы жөндеулеріне, бекітілген қорлардың экономикалық тиімділігі мен мақсатты жұмсалуына баға беріп отыруға;
2.13. Қаржылық тексеру мәселелері бойынша нұсқаулық материалдарын бағынышты ұйымдарға түсіндіру жүргізеді және басшылықтың тапсырулары бойынша сотта және басқа да ведомостволарды мемлекеттік органның мүддесін қорғауға және жеткізуге;
2.14. Білім құзырына кіретін қаражат мәселелері бойынша хаттарды (үндесулерді) шағымдар мен арыздарды қарауғы, жауаптар әзірлеуге;
2.15. Білім басқармасының сот және құқық қорғау органдарында құқықтық мүдделерін ұсынуға;
2.16. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес алдын-ала зерделеу, бұйрықтар мен шешімдердің, облыс әкімдігі қаулысының, еңбек келісім-шартының, басқа да құқықтық құжаттардың жобаларын қарауға, ұсынуға;
2.17. Құқық мәселелері бойынша білім қызметкерлеріне ауызшакеңестер беруге;
2.18. Басқарма бөлімдерімен құқықтық құжаттарды дайындауға қатысуға;
2.19. Педагогикалық қызметкерлер мен оқушылардың құқықтық мүдделерін қорғауға;
2.20. Құқықтық Жаппай оқыту жұмыстарын жүргізуге;
2.21. Азаматтардың өтініштерін және үндесулері бойынша № 1-ОЛ үлгісінде статистикалық есепті жасауға және тапсыруда көмек көрсетуге;
2.22. Облыстың білім саласы бойынша ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңның орындалуына жауапты және жоғары органдар алдында орындалуы туралы есеп беру, бағынысты білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін және алғашқы есепке алу актілерін жүргізуге; (№ 5 қосымша);
2.23. Білім басқармасының бағынысты мекемелері мен кәсіпорындарының келісім-шарттарын әзірлейді, тіркейді, өткізуге;
2.24. Келісім-шарттың міндеттемелерінің орындалуын үйлестіру және міндеттемелерді орындамаған тиісті тұлғаларға байланысты талап арызбен сотқа жүгінуге;
2.25. Шаруашылық қызметінің жоспарын әзірлеуге;
2.26.Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеуге және ұсыну қызметін атқаруға;
2.27. Аппарат бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізеді: порталға хабарландыру беру, ұтып алған жеңімпаздармен келісім-шарт жасауға, жеткізушілердің тауарларын қабылдап алу жұмыстарын жүзеге асыруға;
2.28. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бөлімдермен біріге отыра жиынтық есептер тапсырады және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіруге;
2.29.Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша келісімдер мен қосымша келісімдер дайындауға;
3. Бөлім қызметін ұйымдастырудың негізгі сұрақтары
3.1. Бөлімнің қызметін Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес басқарма басшысымен тағайындалып, босатылатын бөлім басшысы басқарады.
3.2. Бөлім басшысына бөлімге жүктелген міндеттемелерді сапалы және уақытылы орындалуы үшін жауапкершілік жүктеледі.
3.3. Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты.
3.4. Бөлім басшысы басқарма басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар жасайды.
Осы мақсаттарда Бөлім басшысы:
1) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындау және одан босату, көтермелеу мен тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
2) Өз өкілеттіктері шеңберінде қызметтік, қаржылық құжаттарға қол қояды;
3) Бөлімде іс жүргізуді ұйымдастырады;
4) Бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3.5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.
Добавлено: 
09.10.2018 - 05:00
Последние изменения: 
17.02.2020 - 05:00