Адамгершілік-рухани тәрбие, өзін-өзі тану және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі

Адамгершілік-рухани тәрбие, өзін-өзі тану және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі
1
Нурхожаева Райхан Тасболатовна
Бөлім басшысы
каб.540
54-03-52
2
Айтбаева Батима Кувашовна
Бас маман
каб.540
55-17-92
3
Нурманова Амина Мадиевна
бас маман
каб.540
55-17-92
«Ақтөбе облыссының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Адамгершілік-рухани тәрбие, өзін-өзі тану және балалардың
құқықтарын қорғау бөлімі
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1.1. Адамгершілік-рухани тәрбие, өзін-өзі тану және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі (әрі қарай бөлім) «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің (әрі қарай басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін басқарма басшысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жөніндегі орынбасарының басшылығында атқарады.
1.2. Бөлім басшысы өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы, Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясын, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», Ақтөбе облысы бойынша ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президентінің мемлекеттік қызмет жүйесіндегі және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, басқарма туралы Ережені және аталған лауазымдық нұсқаулығын басшылыққа алады.
1.3.Бөлімнің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
2. Адамгершілік-рухани тәрбие, өзін-өзі тану және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
2.1.Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:
· Облыс бойынша жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының оқумен қамту бағытындағы жұмыстарды үйлестіру;
· басқарма қызметінің құқықтық қызметін үйлестіру;
· Облыс бойынша мектепке дейінгі, жалпы орта және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылуын үйлестіру;
· Балалар мен жеткіншектер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыстар атқару;
· Облыстағы жекелеген санаттағы оқушылардың тегін және жеңілдікпен тамақтануының мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде ұйымдастырылу жұмыстарын үйлестіру;
· Облыстың мектеп оқушыларын тасымалдау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
«Сенім телефонының», «Call center» қызметін ұйымдастырады.
2.2.Бөлімге жүктелген міндеттемелерді уақытылы және сапалы орындау мақсатында бөлім құқылы:
· жұмыс жоспарының, тапсырмалардың, бұйрықтардың мерзімінде орындалуын бақылауға алады және қамтамасыз етуге, тоқсан сайын талдау жасауға;
· бөлімнің қызмет бағытын үйлестіруге, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын жасауға;
· облыстағы барлық санаттағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, адамгершілік және рухани білім алуына бағытталған жобалар мен бағдарламалардың, тұжырымдамалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге;
· облыс бойынша адамгершілік-рухани дамуына бағытталған балалар әлеуметтік бастамашылықтарының қызметін үйлестіруге;
· Балалардың зорлық-зомбылығы, баланың еңбегін пайдалану және бала ортасындағы басқа да жағымсыз жайттарды алдын алу сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етуге;
· «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күндік күрес» республикалық акциясын облыс көлемінде ұйымдастыруын қамтамасыз етеді;
· тоқсан сайын облыстағы оралмандар туралы ақпарат жинақтайды, құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді;
· Балалардың зорлық-зомбылығы, баланың еңбегін пайдалану және бала ортасындағы басқа да жағымсыз жайттарды алдын алу сұрақтары бойынша БАҚ шыққан мақалаларымен жұмыс жасауға;
· Республикалық акцияларды облыстық деңгейде ұйымдастыруға;
· Жергілікті және басқа да бюджет қаражатынан балалардың мүдделерін қарастыратын және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған мемлекеттік саясат іс-шараларын ұйымдастыруға;
· Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды, өтініштерін қарауды жүзеге асыруға;
· Облыс бойынша жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының оқумен қамту бағытындағы жұмыстарды үйлестіруге;
· Облыс бойынша сабаққа ұзақ мерзімде қатыспай жүрген оқушылардың себебін анықтап, құзырлы органдарға есеп беруге;
· Облыс бойынша мектепке дейінгі, жалпы орта және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылуын үйлестіруге;
· Облыс бойынша «Өзін-өзі тану» пәнінің педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарынан өтуіне, сапалық және кәсіби құрамына мониторинг жүргізуге;
· «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген бағдарлама, мақала, сюжет туралы мәліметтерді жинақтауға;
· Балаларды ақпараттардың жағымсыз әсерінен және олардың денсаулығына, адамгершілік-рухани дамуына зиян тигізетін насихаттық іс-әрекеттерден қорғау мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын акция арқылы ұйымдастыруға:
· ҚР Үкіметі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық Үйлестіру кеңесімен бекітілген балалар мен жеткіншектер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі Жол картасы аясындағы жұмыстарды жүзеге асыруға;
· Суицид фактілері бойынша денсаулық сақтау басқармасы, ішкі істер департаментімен бірлесіп салыстырмалы акт жасауға;
· Облыс бойынша психологтардың, әлеуметтік педагогтардың базасын жинақтауға;
· Облыстағы кәмелетке толмағандар арасында жүктіліктің және оларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша облыс әкімінің өкімін орындап, жоспарын жүзеге асырауға;
· Облыс бойынша өгей әкелермен және жалғызбасты аналармен тұратын кәмелетке толмағандардың тізімін әзірлеп, білім беру ұйымдарының аталған отбасыны бақылауға алуын қамтамасыз етуге;
· Call center жұмысына жауап береді, қоңырау барысында айтылған фактілерге зерттеу жүргізуге;
· «Сенім телефонының» қызметін ұйымдастырады, түскен қоңырауларды республикалық деректер базасына тіркеп, қоңырау барысында айтылған фактілерді зерттеу жүргізеді;
· ҚР заңнамасымен қарастырылған облыстағы жекелеген санаттағы оқушылардың тегін және жеңілдікпен тамақтануының мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде ұйымдастырылу жұмыстарын үйлестіреді, ай сайын БҒМ ақпарат тапсырады;
· Мектеп оқушыларын тасымалдау бойынша жұмыстарды үйлестіреді, ай сайын БҒМ ақпарат тапсырады;
· Ұлттық білім беру деректер қорын толтырады және аудандық білім бөлімдерінің сапалы толтыруын қамтамасыз етеді;
· «Қауіпсіз автобус», «Қауіпсіз мектеп», «Қауіпсіз интернет» республикалық акциясын облыс көлемінде өткізуді ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
· Тұрақты негізде облыс бойынша «Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық кампаниясын жүргізілуін ұйымдастырады, БҒМ ақпарат береді;
· Мектеп жанындағы интернаттардың жалпы жағдайы туралы ақпаратты жинақтап, құзырлы органдарға ақпарат береді;
· Облыс бойынша жекелеген санаттағы оқушылардың тізімін жинақтайды, тиісінше көмек алуын үйлестіреді;
· Білім беру ұйымдарында оқушыларға ыстық тамақтың, тасымалдаудың ұйымдастырылуына және мектеп жанындағы интернаттық жай-күйіне зерделеу жұмыстарын жүргізеді;
· Жыл бойы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының облыс көлемінде өткізілуін ұйымдастырады;
· Кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасының мектеп жасындағы балаларына көмектің берілуін үйлестіреді;
· ҚР Үкіметінің №320 Қаулысымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақ тамақтану академиясымен бекітілген "Оқушылардың тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарт" талаптарына сәйкес құрылған ас мәзірінің білім беру ұйымдарында талапқа сай орындалуына зерделеу жүргізеді;
· Қазақстан Республикасының Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын жүзеге асырады;
· хаттамалық және орталық, жоғары тұрған органдардан түскен тапсырмалардың сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
· Мүдделі органдармен (прокуратура, ішкі істер департаменті, денсаулық басқармасы, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті) бөлімнің сұрақтары бойынша тұрақты түрде байланыс жасайды;
· «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасыноблыс көлемінде ұйымдастырады.
· Өткізілген маңызды іс шаралар туралы ақпаратты басқарманың сайтына, әлеуметтік желілеріне уақытылы орналастыруға;
3.Бөлім қызметін ұйымдастырудың негізгі сұрақтары
3.1. Бөлімнің қызметін Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес басқарма басшысымен тағайындалып, босатылатын бөлім басшысы басқарады.
3.2. Бөлім басшысына бөлімге жүктелген міндеттемелерді сапалы және уақытылы орындалуы үшін жауапкершілік жүктеледі.
3.3. Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты.
3.4. Бөлім басшысы басқарма басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар жасайды.
Осы мақсаттарда Бөлім басшысы:
1) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындау және одан босату, көтермелеу мен тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
2) Бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3.5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.
Добавлено: 
09.10.2018 - 05:00
Последние изменения: 
25.04.2019 - 05:00