Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі
1
Шавкилова Венера Наиловна
бөлім басшысы
каб.550
54-25-53
2
Биманова Айнур Ерболатовна
бас маман
каб.550
54-25-53
3
Шукирова Рауана Айгалиевна (бала күтімі бойынша демалыста)
бас маман
каб.550
56-71-59
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің
Е Р Е Ж Е С І
1.Жалпы ережелер
1.1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі (әрі қарай бөлім) «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің (әрі қарай басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін басқарма басшысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жөніндегі орынбасарының басшылығында атқарады.
1.2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
2.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
2.1. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:
· Облыста техникалық, кәсіптік және ортадан кейінгі білім беру және кадрлар даярлаудың мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
· Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіптік білім беру ұйымдарын құру, қайта құру және жою туралы ұсыныстар жасау;
· Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің білім алушыларына атаулы стипендия тағайындауды бекітуге ұсыныс жасау;
· Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік тапсырыспен білім алған түлектердің оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуына ықпал ету;
· Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің кәсіби білім беру жұмыстары туралы өкілеттік органдарға ведомстволық есептер беру;
· Өз құзыры шегінде меншік түріне қарамастан мемлекеттік және мемлекеттік емес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру орындарында оқу-тәрбие үрдісінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сай орындалуына кезеңмен мониторинг өткізу;
· Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті жұмысшылар мен мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
· Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орындарының білім алушылар контингентін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
· Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орындарын кадрмен қамтамасыз етудің мониторингісін жүргізуді іске асыру;
· Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелеріндегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тұл жетімдерді белгілеген тәртіпке сай мемлекеттік қамқорлыққа алуды қамтамасыз ету және олардың оқу орнын бітірген соң жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
· Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелеріне қатысты барлық мәселелер бойынша Үйлестіру Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
· Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орындарында кәсіптік білім беру сапасын жақсарту мақсатында мәліметтер даярлап және ұсыныс жасау;
Бөлімге жүктелген міндеттемелерді уақытылы және сапалы орындау мақсатында бөлім құқылы:
2.2.ҚР «Білім туралы» Заңының орындалуы жәйлі колледждердің қызметтерін үйлестіруге.
2.3. 2011- 2020 жылдардағы білім беру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға.
2.4.Меншік түріне қарамастан барлық оқу орындарында білім берудің мемлекеттік стандарттарының орындалуын үйлестіруге.
2.5.Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етуге.
2.6.ТжКБ білім беру оқу орындарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу.
2.7.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бекітуге ұсыныстар енгізуге.
2.8.ТжКБ білім беру оқу орындардың бітірушілерін еңбекке орналастыруға жәрдемдесу. Оқу орындарының аккредитацияны үйлестіру, ҚДДБ мониторинг жүргізуге.
2.9ТжКБ білім беру оқу орындарының әлеуметтік серіктестікті дамуына әрекет етуге.
2.10.Жаңа технологияларды, ақпараттануды оқытуды енгізуге үлес қосуға.
2.11. Колледждердің материалдық базасын талдау және мониторинг жүргізу.
2.12. Өткізілген маңызды іс шаралар туралы ақпаратты басқарманың сайтына белгіленген уақытында орналастыруға.
2.13. ТжКБ білім беру ұйымдарының оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету.
2.14. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарының оқу үрдістері мазмұнының мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін ұйымдастыруға.
2.15. Жиынтық есептердің қабылдау және талдау. Мемлекеттік тапсырысты үйлестіру және орналастыру.
2.16. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын орындалуын қамтамасыз ету. ТжКБ білім беру оқу орындардың бітірушілерін еңбекке орналастыруының мониторингін жүргізуге.
2.17.«Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының үздігі» конкурсын үйлестіруге.
2.18. Колледждердің қабылдау комиссиясының жұмыстарын, білім беру оқу орындарына оқуға қабылдау ережесінің талаптарын заңға сәйкес болуын үйлестіру, есептерің қабылдауға және талдауға.
2.19. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша есеп беру, мемлекеттік қызметтер бойынша ішкі бақылауды қамтамасыз етуге.
2.20.2011-2020 жылдардығы білім беру мемлекеттік бағдарламасын орындалуын қамтамасыз етуге.
2.21.Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ақпараттық – насихаттық жұмыстарды ұйымдастыруге.
2.22.ТжКБ оқу орындарының ҚР «Тілдер туралы» Заңының, тілдерді дамыту мен мемлекеттік бағдарламалардың қызмет істеулерінің орындалуындағы қызметтерді үйлестіруге.
2.23.PІZA, халықаралық жалпы білім беретін бағдарламаларын үйлестіруге.
2.24.ТжКБ оқулықтар мен ОӘК бекіту жөніндегі, оқу-әдістемелік комплектілерді, оқулықтарды жасау жөніндегі мәселелерді бақылау, жаңа технологияны, ақпараттануды оқытуды енгізуге көмектесуге.
2.25.ТжКБ білім беру оқу орындарының әлеуметтік серіктестікті дамуын қамтамасыз етуге. Үйлестіру, қамқоршылық кеңестерінің жұмыстарын үйлестіруге.
2.26. Ресей Федерациясымен кәсіптік білім беру саласы бойынша 3-жақты келісімде қатынастары туралы құзырлы органдарға ақпарат беруге. Колледждер жатақхана жұмысын талдауға.
2.27.«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша есеп беру, мемлекеттік қызметтер бойынша ішкі бақылауды қамтамасыз етуге.
2.28. Азаматтардың өтініштерін және үндесулерін қарауға, зерделеу, жауап беруге.
2.29. Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша жұмыс көрсеткіштерін анықтауға (рейтинг).
2.30. Жиынтық есептерді жұмысқа орналасу, кадрлар, әлеуметтік серіктестік бойынша қабылдауға және талдауға.
2.31. «Дуальді оқытуды енгізу бойынша Жол картасын» енгізуді іске асырылуын бақылау.
2.32. Аймақтық және өңіраралық деңгейде WorldskillsKazakstan чемпионатын ұйымдастыру және өткізу.
2.33. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау.
2.34. Құзіреті шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысын анықтау үшін кадрлардың болжамды қажеттілігін анықтауға қатысу.
2.35. Ұлттық білім беру деректер базасын толтыру бойынша оқу орындарын бақылау.
2.36. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің берілу бағдарламаларын іске асыратын білім беру үйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша ішкі бақылауды қамтамасыз ету және есеп беру.
2.37. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша есептілікті ұсыну және орындалуын ішкі бақылауды қамтамасыз ету.
2.38. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» мемлекеттік қызметі бойынша есептілікті ұсыну және орындалуын ішкі бақылауды қамтамасыз ету.
2.39. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бліім алушылары мен тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ қорғаншылықтары(қамқоршылықтағы) патронаттағы тұлғаларға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметі бойынша ішкі бақылауды қамтамасыз ету және есеп беру.
2.40. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге жәрдемдесу.
2.41. 2-НК бойынша жиынтық есептерді қабылдау және талдау.
2.42. Оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша жұмыс жүргізу.
2.43. ТжКББ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жиынтық есептерді қабылдау және талдау.
2.44. Жалпы білім беретін мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
2.45. «Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы бойынша Жол картасын» іске асыру.
3.Бөлім қызметін ұйымдастырудың негізгі сұрақтары
3.1. Бөлімнің қызметін Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес басқарма басшысымен тағайындалып, босатылатын бөлім басшысы басқарады.
3.2. Бөлім басшысына бөлімге жүктелген міндеттемелерді сапалы және уақытылы орындалуы үшін жауапкершілік жүктеледі.
3.3. Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты.
3.4. Бөлім басшысы басқарма басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар жасайды.
Осы мақсаттарда Бөлім басшысы:
1) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындау және одан босату, көтермелеу мен тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
2)өз өкілеттіктері шеңберінде қызметтік, қаржылық құжаттарға қол қояды;
3)Бөлімде іс жүргізуді ұйымдастырады;
4) Бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3.5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.
Добавлено: 
09.10.2018 - 05:00
Последние изменения: 
01.02.2019 - 05:00