Қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі

Қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі
1
Ізбасар Асхат Ізбасарұлы
Бөлім басшысы
каб.544
56-42-18
2
Бакиева Гулдана Кенжегалиевна
бас маман
каб.544
55-08-63
3
Жақсыбаев Нұркен Әбдіразақұлы
Бас маман
каб.544
55-08-63
4
Әскер Гүлзат Мерекеқызы
жетекші маман
каб.544
55-08-63
Қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1.1. Қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі (әрі қарай-Бөлім) «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің (әрі қарай-Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін басқарма басшысының техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру орынбасарының басшылығында атқарады.
1.2. Қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
2.Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары
2.1. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:
· Бөлімге берілген құзірет шеңберінде Басқарма қызметін үйлестіру;
· Тәрбие жұмысы жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
· Оқушыларға құқықтық білім беру қызметін үйлестіру;
· Бөлімнің құжат айналымын қамтамасыз ету;
· Педагог қызметкерлерді аттестаттау комиссиясы жұмысына қатысу;
· Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын үйлестіру;
· Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің «Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптары» туралы бұйрығының жүзеге асырылуын ұйымдастыру, қамтамасыз ету;
· Тәрбие жұмысының кешенді Бағдарламасының орындалуын үйлестіру;
· Мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің қосымша білім алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету;
· Басқа да заң және нормативтік-құқықтық актілермен жүктелген міндеттемелер.
Бөлімге жүктелген міндеттемелерді уақытылы және сапалы орындау мақсатында бөлім құқылы:
2.2. Тәрбиелік жұмысты және қосымша білім беру бағдарламасын мемлекеттік саясат аясында таратуды қамтамасыз етуге;
2.3. Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамалары аясында қосымша білім беру бағдарламасын тарату ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және жоюда ұсыныстар енгізуге;
2.4. Қосымша білім беруді дамытуда құқық қорғау, денсаулық сақтау және мемлекеттік емес ұйымдарының өзара байланыс жасауын қамтамасыз етуге;
2.5. Оқушыларды тәрбиелеуде кешенді бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыруға;
2.6. Қылмыс жасау және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарын жүзеге асыруға;
2.7. Жасөспірімдер мен балалардың патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға;
2.8. «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» Президент Жарлығының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
2.9. Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстарының бағытында «2020-2025 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы, тәрбие жұмысын дамыту бойынша өңірлік бағдарламаның», «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге;
2.10 .«ҚР есіртке және есірткі бизнесіне қарсы күрес», ВИЧ/СПИД/ИПП эпидемиясына қарсы стратегиялық бағдарламаларының орындалуын ұйымдастыруға;
2.11. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, зайырлы білім ұстанымдарын сақтау бойынша Ақтөбе қалалық және аудандық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруге;
2.12. Білім беру ұйымдарында балалар және жастар қозғалысының қызметін үйлестіреді, еңбек және жазғы демалысты ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
2.13. Қорғаныс департаментімен бірге әскерге шақырылатын және шақырылған жастармен жұмыстарды жүзеге асыруға;
2.14. АӘД оқу-материалдық базасының нығайтылуын және далалық оқу-жаттығу жиындарын (лагерь) өткізуді ұйымдастыруға;
2.15. ҚР білім және ғылым министрлігіне тәрбие жұмыстары мен қосымша білім беру ұйымдарына байланысты статистикалық есептер ұсынуға:
2.16. Президенттің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын таратуда ақпараттық – насихаттық жұмыстарын ұйымдастыруға;
2.17. Жасөспірімдердің спорттық секциялармен қамтамасыз етілуіне;
2.18. Жалпы білім беру мектептерінде санитарлық-гигиеналық талаптардың, балалар денсаулығы мен өмір қауіпсіздігінің сақталуына қатысты іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастыруға;
2.19. Тәрбие және қосымша білім беру жұмыстарының сұрақтары бойынша ашық ата-аналар жиналыстарын, жиындар және семинарлар өткізуді ұйымдастыруға;
2.20. Тамыз кеңесіне материалдар дайындауға;
2.21. Қосымша білім беру мен тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылу тиімділігі мен жаңа бағытта жүзеге асырылуына ұсыныстар енгізуге;
2.22. Қосымша білім беру мен тәрбие беруде білім ұйымдарынан түскен арыздар мен хаттарды қарастыруға;
2.23. «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар қоғамдық ұйымы мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары бойынша Ақтөбе қалалық және аудандық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруге;
2.24. Мектеп оқушыларын «Бөбек», «Балдаурен» орталықтарына іріктеу мен жіберу жұмыстарын үйлестіруге;
2.25. Балалардың қосымша білім берумен қамтамасыз ету бағытында қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар мен оқуға қабылдау және аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру мемлекеттік қызметін көрсету бойынша мониторинг өткізуге және регламент дайындауға;
2.26. ҮЕҰ-мен ынтымақтастық жұмысы бойынша Ақтөбе қалалық және аудандық білім бөлімдерінің жұмысын үйлестіруге.
3. Бөлім қызметін ұйымдастырудың негізгі сұрақтары
3.1. Бөлімнің қызметін Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес басқарма басшысымен тағайындалып, босатылатын бөлім басшысы басқарады.
3.2. Бөлім басшысына бөлімге жүктелген міндеттемелерді сапалы және уақытылы орындалуы үшін жауапкершілік жүктеледі.
3.3. Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты.
3.4. Бөлім басшысы басқарма басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар жасайды.
Осы мақсаттарда Бөлім басшысы:
1) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындау және одан босату, көтермелеу мен тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
2) Өз өкілеттіктері шеңберінде қызметтік, қаржылық құжаттарға қол қояды;
3) Бөлімде іс жүргізуді ұйымдастырады;
4) Бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3.5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.
Добавлено: 
09.10.2018 - 05:00
Последние изменения: 
05.02.2020 - 05:00