Басқарма басшысының орынбасары (ТжКББ)

Ақтөбе облысының білім басқармасының
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру жөніндегі басшысының орынбасары
Бертлеуова
Нургуль Лескеновна
14 мамыр 1977 жылы туған
Білімі: мемлекеттік Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген (1998ж.)
Еңбек жолы: оқытушылық қызметі – Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (1998-2005жж.), Ақтөбе қаласы №51 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (2005-2007жж.), әкімшілік және басшылық қызметтегі лауазымдары – Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің бас маманы (2007-2017ж.), "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ адамгершілік-рухани тәрбие, өзін-өзі тану және балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімдерінің басшысы, басшысы, (2017-2018ж.).
2019 жылғы наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін – Ақтөбе облысының білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жөніндегі басшысының орынбасары.
Ерекше жетістіктері: ««Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, (2016ж.), «Ең үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауының жеңімпазы, (2017ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, (2018ж.).