ХVІІІ облыстық Спартакиада бағдарламасына сәйкес үстел теннис жарысы туралы ақпарат

ХVІІІ облыстық Спартакиада бағдарламасына сәйкес үстел теннис жарысы туралы ақпарат
2017 жылғы 21 қыркүйек күні ХVІІІ облыстық Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатынан кейін Спартакиада бағдарламасына сәйкес алғашқы жарыс үстел теннисі жалғасын тапты. Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлік деңгейлерін арттыру мақсатында өткізілген үстел теннис жарысы колледж білім алушыларының ұлдар мен қыздар командасы арасында ұйымдастырылды. Жарысқа 23 команданы құрап, 138 колледж білім алушылары қатысты.
2 күн бойы өткізілген жарыс барысы тартысты өтті, жанкүйерлер спортшыларға рух беріп, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Теннис жарысына білікті спорт шеберлері мен І дәрежелі төрешілер төрелік етті.
Жеңімпаз командаларға атаулы кубогтар және дипломдар табысталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота мен медальдармен марапатталды.
Төрешілер алқасының шешімімен және жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар төмендегі негізде анықталды: Ұлдар арасында:
І орын – М.Тынышбаев атындағы транспорттық-коммуникациялық колледж командасы;
ІІ орын – Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі командасы;
ІІІ орын – Ақтөбе ауылшаруашылық колледж командасы.
Қыздар арасында:
І орын – Ақтөбе музыкалық колледжі;
ІІ орын – Ақтөбе гуманитарлық колледжі;
ІІІ орын –Хромтау тау-кен колледжі.