XVIІІ республикалық Абай оқулары туралы

«Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен біріге отырып, 2017 жылғы 11-12 қыркүйекте
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында XVIІІ республикалық Абай оқуларын өткізді.
XVIІІ республикалық Абай оқуларына Ақтөбе облысынан 4 оқушы қатысты. Республикалық Абай оқулары 4 бағыт бойынша өткізілді.
"Көңілім әнді ұғады..." бағытына қатысушы Ақтөбе қаласы №49 орта мектебінің 6 - класс оқушысы Санбаев Айбар ІІ жүлделі орынға,
«Ұлылар әлемі» бағыты бойынша Шалқар ауданы орта мектеп- гимназиясының 9-класс оқушысы Мұратова Дана жүлделі ІІІ орынға ие болды.