Ата-аналарға шағын ақпарат

Білім берудің жаңартылған мазмұнының ерекшеліктері туралы
Тілдік оқыту коммуникативтік тәсілге негізделген, ол сөйлеу белсенділігінің төрт дағдысын дамытуға бағытталған: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу.
Кіріктірілген Тіл 2 және әдебиет пәндері бірігіп үш сағаттық апталық жүктеменің сақталуымен оқытылады.Осындай әдіс, шығарма туындыларындағы лексикалық тақырыптардың сәйкес болуына, сөздік және грамматикалық тақырыптарды жүйелі әрі тиімді оқуға мүмкіндік береді. Бағдарламадағы тақырыптар нақты өмірмен байланысты, оқушылардың әлеуметтік-мәдени , білім беру және кәсіби салаларын көрсетеді.
Шетел тілін үйрену үшін бір сағат қосылды, енді негізгі мектептің барлық сыныптарында апталық жүктемесі 3 сағатты құрайды.Сабақтың мазмұнын математика, АКТ, әдебиет, өнер және дизайн, география, биология және химия пәндерімен кіріктірілуін қарастырған.Оқушылардың тілдік деңгейіне бейімделген түпнұсқа мәтіндерді оқушыларға көркем және журналистік әдебиеттің әртүрлі жанрларын білуге мүмкіндік береді.
Математика пәнінің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бағдарламада «Статистика және Ықтималдықтар теориясы» бөлімі қосылды, оның құрамында «Көптік теориясы мен логикалық элементтерді орнату», «Комбинаториканың негіздері», «Статистика және деректерді талдау» бөлімшелері кіреді.Бүгінгі күнде ең маңыздысы- ол графикалық деректерден ақпаратты алу және кестелерді, диаграммаларды, графиктерді қолданып көрсету.Ықтималдылық пен статистика теориясының тұжырымдары мен әдістерін білместен, тиімді бәсекеге қабілетті өндірісті ұйымдастыру, медицинада жаңа дәрілік заттар мен емдеу әдістерін енгізу, азаматтарды күтпеген жағдайлардан сақтандыруды қамтамасыз ету және дұрыс әлеуметтік саясат жүргізу мүмкін емес.
Информатика пәні бойынша бағдарламада алгоритмдік ойлауды ойын ортасында бағдарлама құрастыру дағдыларын ерте қалыптастыруды қарастырады. Жобалау жұмыс дағдыларын қалыптастыру нақты бағдарламалық өнімдер мен қосымшаларды құруға, бағдарламаларды зерттеуге, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мысалы, 5-класс - бағдарламалау ойын ортасында анимацияны жасау (Лого, Scratch немесе басқалары). 7 класс - объектілер мен оқиғаларды 3D моделдеу
Оқушылардың академиялық адалдығын қалыптастыратын тақырыптар қарастырылған, мысалы, 5 класта - басқа біреудің жұмысын көшірудің заңсыздығы туралы, 6 класс - ақпаратты авторға сілтеме жасау жүреді.
Кіріктірілген «Жаратылыстану» пәні 1-ден 6-класқа дейін беріледі. Тақырыптың оқудағы пәннің мазмұнында зерттеу дағдыларына көп көңіл бөлінеді, оқыту үдерісінде ол дағды бастауыш мектептен бастап қалыптасады.Қарапайым мысалдар арқылы оқушылардың зерттеу сұрағын тұжырымдауды, эксперименталды деректерді жинауды, өңдеуді және сараптауды, зерттеуге қорытынды жасауды үйретеді. Оқушылардың өзі үшін де және қоршаған ортаға да зерттеудің қауіпсіздігі мәселесі ерекше орын алады.
Маңыздысы 7 класс оқушылары үшін «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндерін оқыту бір мезгілде басталады. Осындай жаратылыстану пәндерінің мазмұнының құрылуы бастауыш мектептен басталғаны тәжірибеде пәндердің пәнаралық кіріктірілуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Оқушылардың жаратылыстану ғылымы туралы өзара түсіністік құрылымы ретінде ұғым қалыптасады, олар үшін тұжырымдамалар, заңдар, заңдылықтар жиынтығы болып табылмайды, олар өз тілдерінде терминдер мен ұғымдарды қолдануды үйренеді.Осы пәндер бойынша бағдарламалар мазмұнының деңгейі жоғары кіріктіру сәйкестігі арқылы кешенді класс жұмысы мен үй тапсырмаларын жасауға мүмкіндік береді.Назар аударатын жағдай, Жаратылыстану пәндерін оқытудың негізгі тәсілдерінің бірі тәжірибелік немесе зертханалық жұмыстары арқылы жаңа білімдер мен дағдыларды меңгеруге бағытталған «Зерттеу негізіндегі оқыту» немесе «тәжірибеден-теорияға» оқыту болып табылады.Оқу бағдарламаларында ұсынылған көптеген эксперименттік жұмыстар күнделікті өмірде қолжетімді материалдар мен ресурстардың көмегімен жасалуы мүмкін.
«Бейнелеу өнері» және «Технология» пәндері 5-9 кластарда оқылатын «Көркем еңбек» пәніне кіріктірілген.
Оқу жоспары оқушылардың көркем шығармашылық пәндерін құруға, әртүрлі материалдармен және құралдармен жұмыс жасау әдістерін меңгеруге белсенді когнитивті және шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді.