Ақтөбе облысының оқушылары ҰЛЫБРИТАНИЯҒА аттанбақ

2017 жылғы 6-15 маусым аралығында Ақтөбе қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар арасында транспорт саласындағы Халықаралық үздік жоба байқауының іріктеу кезеңі өтті.
Байқаудың ұйымдастырушылары – ҚР Әділет министрлігі және "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК.
Байқаудың демеушілері Cranfield University (Ұлыбритания), "Эйр Астана" Ұлттық тасымалдаушы, "Samruk – Kazyna Trust" КҚ.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
- бірінші кезең – шараны насихаттау және БАҚ жариялау;
- екінші кезең – аймақтық жеңімпаздарды анықтау.
Ағымдағы жылғы 19-24 маусым аралығында өткен қорытынды айналымды Cranfield University (Ұлыбритания) өкілдері Астана қаласында Назарбаев университетінде ағылшын тілінде өткізді.
Аталған байқауға Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша 16 команда қатысты. Ақтөбе облысының команда құрамында байқаудың облыстық кезеңінде жүлделі орынға ие болған төмендегі 10 класс оқушылары қатысты.
- Қами Нұр – Ақтөбе қаласы № 21 ОМГ;
- Ибраев Асылбек - Ақтөбе қаласы № 21 ОМГ;
- Ахметов Мирас – Білім инновациялық лицейі;
- Жұмабай Иса - Білім инновациялық лицейі.
Қатысушылар авиациялық моделдеу бойынша жобалар мен моделдер ұсынды. Байқаудың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының командасы ең үздік командалар қатарына еніп, бірінші жүлделі орынға ие болды.
Жеңімпаз оқушыларымыз 2017 жылғы 6-13 тамыз аралығында өтетін Ұлыбританиядағы Cranfield университетіне оқу-танымдық он күндік сапарға шақырылды.
ОҚУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!