Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын шешендік пен ақындыққа баулитын республикалық «Ақберен» байқауының қорытындысы туралы

2017 жылғы 25-27 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында республикалық «Ақберен» байқауы өткізілді.
Ақтөбе облысынан 6 оқушы қатысып, 6 бағыт бойынша өз шығармашылықтары мен білімдерін көрсетті.
«Ақындар мүшәйрасы» бағытына қатысушы Ақтөбе қаласы Қызылжар орта мектебінің 11- класс оқушысы Қабасов Нұрдәулет І дәрежелі диплом және Түркістан қаласындағы халықаралық Қ.Ясауи атындағы қазақ - түрік университетіне тегін оқу грантына ие болды.
«Шешендік өнер» бағытына қатысушы Ырғыз ауданы Т.Шонанұлы атындағы орта мектебінің 10- класс оқушысы Тұралы Толғанай ІІ орынды иеленді.
«Аспапта орындау» бағытына қатысушы М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының 10- класс оқушысы Қуандықов Нұрдәулет мақтау қағазына, «Ақындар айтысы» бағытына қатысушы Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебінің 11- класс оқушысы Наурызалина Злиқа «Жас өнерпаз» номинациясы бойынша дипломға ие болды.