14,08,2014 жоба

Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 207 «2014-2015 оқу жылына техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік
білім беру тапсырысын бекіту туралы»
қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 207 «2014-2015 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3962 болып тiркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерiнде 2014 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған актінің қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А.Мұхамбетов